20
октябрь
2024
"Өнегелі 15минут"
"Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі" КММ Біртұтас тәрбие айында өткізіліп жатқан
шарасы әр отбасында күнделікті өмірде қолданылып келеді. Өнеге дегеніміз– ұлағатты адамдардың ұрпаққа көрсететін үлгісі. Өнеге адамдардың тәлім-тәрбиелілігі, үлгілілігі, саналылығы ережелерінің жиынтығы ретінде көрінеді. Ұрпаққа өнеге көрсететін иманды, зерделі, инабатты кісілерден адамдар жақсылық пен қайырымдылықты, адамгершілік пен ізеттілікті үйреніп, оны өздеріне үлгі тұтады. Біздің 3 "В" сыныбының оқушысы Құмарғали Айдана да өз атасымен өткізген әр минутында, қазыналы қарттарымыздың бойындағы жақсы қасиеттерін бойына сіңіріп, өзіне мол өнеге алуда. Спортта жеткен жетістіктеріне де атасының берген ақылдарының көп пайдасы болғанын да атап өтті.
Қазыналы қарттарымыз аман болып, жас ұрпақтарымыздың алар үлгі -өнегесі көп болсын!
Сынып жетекшісі: Т.А.Абилгазина
#Біртұтас_тәрбие#
Қазыналы қарттарымыз аман болып, жас ұрпақтарымыздың алар үлгі -өнегесі көп болсын!
Сынып жетекшісі: Т.А.Абилгазина
#Біртұтас_тәрбие#