20
ноябрь
2024
Қазақ халқы ертеден қыз тәрбиесіне қатты мән берген. Қыздың ең басты сұлулығы ажарын айшықтап, өңін кіргізетін шашы десек, артық болмас.
"Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі" КММ
Дана халқымыз ертеден бұрымды – сұлулықтың белгісі, қыз- келіншектердің ары мен абыройы деп есептеген.
Бұрымды қызға шолпы, шашбау
тағу арқылы оның оғаш, артық
қылық жасамай, әдепті, ұқыпты
жүруіне де мән берген. Әрі
әшекейдің сыңғырлап
дыбысталуынан үйге қыз
баланың кіріп келе жатқанын
аңғарған. Бұрымды қыздың шашбауының дыбысы оның әдептілігін білдірген. Ал шолпы арудың
шашының ұшына тағылып,
шашбау бұрымның түбіне ілініп,
шашпен қоса өрілген. Осылайша, шаш салмағы ауырланып, қыздар еңсесін көтеріп, бойын тік ұстап,
сымбатты болып өскен.
Осы дәстүрді сақтап келе жатқан ибалы, мәдениетті оқушымыз Ахметова Камила 6 “Г” сыныбының атынан “Бұрымды қыз” челленджіне қатысуда. Камиладай инабатты қыздарымыз көп болсын!
Сынып жетекшісі: Туменбаева А.Н