08
октябрь
2024
"Бұрымды қыз"
«Оралхан Бөкей атындағы 44 лицейі» КММ
Баршаңызға белгілі лицейімізде
атты байқау-челлендж ұйымдастырылып жатыр. Біздің 5-"Г" сыныбының бұрымды қыздары да бұл сайысқа барынша үлес қосып жатыр. Сіздердің назарларыңызға сыныбымыздың үздік оқушысы, өнерлі, талантты қызымыз Марат Мединаның бейнебаянын ұсынбақпыз. Медина- қазақтың қызына тән өрілген қос бұрымды, оған тағылатын шашбау мен шолпының қадірін түсінетін, бабалар дәстүрін жалғап келе жатқан үлгілі қыздарымыздың бірі. Қазақ халқының әрбір ырымына, тыйымына, салт-дәстүріне кішкентай күнінен зейін сап, санасына тоқып келеді. Бұл, әрине, үйдегі әке мен ананың тәрбиесінен деп білеміз. Қазақы тәрбиемізге жат батыстың мәдениетін емес, сұлудың сәнін арттырып, салтанатын жарастыратын ұлттық дәстүріміз ұлықталғаны, сыңғырлаған шашбау әрбір бұрымдының бұрымынан табылып жатқаны шынайы қуантады.
Сынып жетекшісі: Қ. Б. Шуленова.
Баршаңызға белгілі лицейімізде
Сынып жетекшісі: Қ. Б. Шуленова.