16
ноябрь
2024
13 - қараша күні 4 В сынып оқушыларының 1-тоқсанның қортындысы бойынша ата-аналар жиналысы өтті.
"Оралхан Бөкей атындағы 44 лицейі" КММ
Жиналысқа 24 ата-ана қатысып, түрлі сұрақтарға сынып жетекшісі К.Садыковадан жауаптарын алды.
Жалпы жиналыс тренинг форматында ұйымдастырылды. Ата-аналар ортаға шығып шеңбер құрап, әр ата-ана өзіндегі жақсы жаңалықтар немесе бойындағы басқалар білмейтін қасиеттері жайында айтып беріп, өздерін жаңа қырларынан көрсете білді. Бұл ата-аналар үшін өте қызықты және мағыналы болды. Себебі бір-бірімізді жақсы танып, ынтымақтастығымызды ары қарай нығайтуға деген жақсы бір қозғау болды.
Сондай-ақ, “Біртұтас тәрбие” бағдарламасы негізінде бір ата-ана арнайы баяндама жасады. Біртұтас тәрбие берудегі негізгі мақсат: Жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген еңбекқор, адал, саналы, жасампаз азаматты тәрбиелеу екенін атап көрсетті. Осы орайда бірнеше ата-ана балаларын тәрбиелеуде нені басты назарға алатындарын, жалпы қалай тәрбие беріп жатқандары жайында өз ойларымен, тәжірибелерімен бөлісті.
Осындай форматтағы жиналыстар мектеп пен ата-аналар арасындағы тығыз байланыс пен түсіністікті дамытуға үлкен ықпал етеді. Барлық қатысушыларға белсенділік танытып, ортақ мақсатқа жетуде бірлескен жұмысымыз үшін алғыс айтамыз!
4 В сыныбының ата аналар комитетінің мүшелері:
#біртұтас_тәрбие#