14
октябрь
2024
14 қазан күні “Ұлы даланың Ұлы тілі” атты қазақ, орыс, ағылшын тілдері айлығының жабылуына арналған салтанатты шара өтті.
“Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі” КММ
Шараның шымылдығы лицей директорының құттықтау сөзімен ашылды. Айлық барысында әртүрлі сыныптан тыс іс-шараларға, сайыстарға белсене қатысқан оқушылар мақтау қағаздарымен марапатталды. Оқушыларымыз Алаш алыбы Мағжан Жұмабаевтың “Қазақ тілі” атты жыр жолдарын оқып, тұғырлы тіліміз туралы ән шырқады. Мың бұралған биші оқушыларымыз биден шашу шашты. Оқушыларымыз тек ана тілінде ғана өнер көрсетіп қоймай, ағылшын тілін де жетік меңгергенін танытты. Ағылшын тілінде ән шырқап, театрландырылған қойылым көрсетті. Үш тұғырлы тілге арналған айлық барысындағы ашық сабақтарға, сыныптан тыс іс-шараларға, қоңырау кезіндегі ойындарға оқушылар асқан белсенділікпен қатысты.