09
сентябрь
2023
Қазақстан халықтарының тілдері күніне орай 5-11 сынып оқушыларына арналған "Ұлы даланың Ұлы тілі" атты салтанатты жиын өткізілді
«Оралхан Бөкей атындағы №44лицейі» КММ
05.09.2023 жылы Қазақстан халықтарының тілдері күніне орай 5-11 сынып оқушыларына арналған "Ұлы даланың Ұлы тілі" атты салтанатты жиын өткізілді. Жиын басында лицей директоры Назарбаева Жаңыл Қайырбекқызы оқушыларды мерекемен құттықтап, жылы лебізін білдірді. Лицейіміздің күміс көмей, жез таңдай әнші оқушылары ұлттық тілімізге арналған әсем әннен шашу шашты. Сондай-ақ оқушылар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде мерекеге арналған жыр шумақтарын оқыды. Шығыстың шоқ жұлдызы Оралхан Бөкейдің 80 жылдық мерейтойына жазушы шығармашылығынан көрме ұйымдастырылып, оқушыларға таныстырылды. Орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Садыкова Б.У. жоғары сынып оқушыларын орыс әдебиеті классиктерімен танысты. Тіл мерекесіне арналған айлықтың бастамасы көтеріңкі көңіл күймен басталды. Мәртебелі тіліміздің мерекесімен баршаңызды құттықтаймыз!