22
сентябрь
2024
Солжағалау полиция бөлімінің ЖПҚІБ КТІБ УПИ кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік полиция лейтенанттары Тукеев М.Қ.
2024 жылдың 20 қыркүйек күні лицейімізде Солжағалау полиция бөлімінің ЖПҚІБ КТІБ УПИ кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік полиция лейтенанттары Тукеев М.Қ. және Адильбекова А.Н. келуімен және лицей директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Жаныбекова Г.Б., Князбаева М.Б. қатысуымен 2-5 сынып оқушыларымен кездесу өтті. Кездесу барысында жол қиылыстарында ережені сақтамаудың салдары апатты жағдайларға әкелетіндігі жайлы айтылып, жол жүру ережелерінің маңыздылығы, көше туралы, ондағы қозғалыс, жолда жүру ережесін есте сақтау, жол белгілерінің түрлері, оны білу үшін не қажет екендігі туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар танымдық кездесуде сабақтан кейін бірден үйге қайту, көшелерде жүріп қалмау, кешкі 23:00-ден кейін көшеде заңды өкілсіз жүруге болмайтындығы жайлы және оқушылар арасында ғаламторда таралып жатқан әртүрлі ойындардың зияны жайлы ақпарат берілді.
#birtutas_tarbie
#birtutas_tarbie