10
сентябрь
2024
"Отбасы-Отанымыздың асыл діңгегі"
«Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі» КММ
Міне, көзді ашып-жұмғанша жаңа оқу жылының бірінші аптасы да өте шықты. Әрбір жаңа аптаның дүйсенбісі тәрбие сағатынан басталатыны баршамызға белгілі. Жоспар бойынша осы дүйсенбі күнгі сынып сағатының тақырыбы -
. Осыған байланысты 5- сыныптар да жоспарлы тәрбие сағатын өткізді. Оқушыларға отбасы, отбасының құндылықтары, өзіндік ұстанымдары туралы бейнефильм көрсетіліп, әрбір оқушыға өз отбасын сыйлап, оны қадірлей білуге, отбасының әрбір мүшесі бір-біріне қайырымды, мейірімді болу керектігі түсіндірілді. Сабақ барысында оқушылар өздерінің отбасылары жайлы, отбасылық мерекелер туралы ой бөлісті. Тәрбие сағаты өз мақсатына жетті. Барлығымыз "Отан-отбасынан басталады" деген халық даналығын есімізден шығармайық! Барлығымыздың басымыз аман, бауырымыз бүтін, отбасымыз тату-тәтті болсын дегіміз келеді.
Сынып жетекшілері: Қ. Б. Шуленова; З.Ж.Қалижарова, Г.М.Балғабаева, Ж.А.Ахауова, С.О.Оралбекова.