20
май
2024
17 мамыр күні 5-8 сыныптың ата-аналарына арналған “Отбасы құндылығы - сарқылмас қазына” атты тақырыпта ата-аналар оқуы өткізілді
"Оралхан Бөкей атындағы N44 лицейі" КММ
17 мамыр күні 5-8 сыныптың ата-аналарына арналған “Отбасы құндылығы - сарқылмас қазына” атты тақырыпта ата-аналар оқуы өткізілді. Ата-аналар оқуының кіріспе сөзін лицей психологы Марал Айдосқызы бастады. Марал Айдосқызы ата-аналар мен балалардың арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға арналған бейнематериалды ата-аналардың назарына ұсынды. Сондай-ақ отбасыдағы келеңсіздіктің балаға кері әсері туралы баяндама оқыды. Әлеуметтік педагог Мейрамгүл Ерғазықызы “Қауіпсіз балалық шақ” атты тақырыпта сөз қозғады. Кәмелеттік жасқа толмағандар арасындағы құқықбұзушылық туралы мәліметке тоқталды. Сондай-ақ лицейдегі оқушылардың әлеуметтік жағдайын толықтай айтып өтті. Тәрбие ісінің меңгерушісі Құралай Әділбекқызы “Жасөспірім және қауіпсіз еңбек” тақырыбына кеңінен тоқталды. Яғни, оқушылардың жазғы демалыс кезінде әртүрлі саладағы жұмыстарды жасамауын қадағалауды ұсынды. Қадаланбаған жағдайда ата-аналарға заң тарапынан айыппұл салынып, жазаланатыны туралы мәлімдеді.