Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
"Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7232) 57-03-13
Есепші бөлімі:
+7(7232) 74-12-12
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 5-«А» сыныбында «Әдепті адам-әдемі адам» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өтті
06
декабрь
2023

5-«А» сыныбында «Әдепті адам-әдемі адам» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өтті

Шығыс Қазақстан облысы Білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің "Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі" КММ
5-«А» сыныбында «Әдепті адам-әдемі адам» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өтті. Бірыңғай тәрбие бағдарламасы бойынша тәрбие сағатының мақсаты: адам бойындағы игі қасиеттерді жоғары ұстай білуге баулу. Тәрбие сағаты «Жеткіншектің жеті жарғысы» жобасы негізінде өткізілді. «Сәлем –сөздің анасы» айдары бойынша сәлемдесуден басталған бұл шара әрі қарай оқушылардың өмір жолындағы жасаған саяхатына ұласты. Олар «Ата», «Әже», «Әке», «Ана», «Мектеп» аялдамаларында болып, ондағы берілген тапсырмаларды орындады. «Ата» аялдамасында "Әдептіліктің алтын ережелерімен" танысып, келесі аялдамаларда тақырып бойынша дайындаған өлеңдерін айтты, сонымен қатар мектептің бірыңғай талаптары туралы түсініктерін тереңдетсе, "Әке" аялдамасында әдептілік туралы нақыл сөздер мен мақал-мәтелдерді суретпен сәйкестендіру арқылы интербелсенді тақтада жүргізілген ойынға белсене қатысты. Тәрбие сағатының соңында отбасылық суреттерден фотогалерея жасалып, кері байланыс жүргізілді. Тәрбие сағаты "Біз бақытты баламыз " атты әнмен аяқталды.

Қатысушы қонақтар оқушыларға алғыстарын білдіріп, жақсы тілектерін арнады.
Бұл шараның балаларға берері мол болды.
#біртұтас_тәрбие
#medetbekovameruert
#центрыпедагогическойподдержки
#даналықмектебі
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив