29
сентябрь
2023
28.09.2023ж 11-сынып оқушылары Оралхан Бөкейдің 80 жылдығына орай “Алтайдың асқақ жыршысы” атты әдеби—танымдық шеберлік сабағын өткізді.
28.09.2023ж ШҚО Білім басқармасының "Өркен" Шығыс Қазақстан өңірлік ақпараттандыру және білім беруді дамыту ғылыми—әдістемелік орталығы"" КММ-ның ұйымдастыруымен Өскемен қаласы білім бөлімінің “Оралхан Бөкей атындағы N44 лицейі”КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Шуленова Құралай Бақытбекқызы және 11-сынып оқушылары Оралхан Бөкейдің 80 жылдығына орай “Алтайдың асқақ жыршысы” атты әдеби—танымдық шеберлік сабағын өткізді. Сабақтың мақсаты—сұлу сөздің суреткері Оралхан Бөкейдің өмірі мен шығармашылығын насихаттау. Жазушының күрделі де қайталанбас шығармаларын талдай отырып, оқушылардың әдебиетке деген қызығушылығын арттыру. Шеберлік сабағы үш бөлімнен тұрды. 1-бөлімде лицей оқушылары түсірген арнайы бейнебаянда жазушының өмірі мен шығармалары кеңінен талданды. Сондай -ақ, жазушының туған жерінен Әбдікерім атындағы Шыңғыстай орта мектебі Оралхан Бөкей мұражайы мен шығармаларын таныстырды. 2-бөлімде облыс мектептерімен онлайн жұмыс жасалып, жазушы шығармаларының мазмұны, тақырыбы, көтерілген мәселелер сыни тұрғыдан талданды. Ал 3- бөлімде 11-сынып бағдарламасындағы "Атау кере" шығармасындағы кейіпкерлер бейнесі талданып, лицей оқушылары өз білімдерін жан-жақты көрсете білді. Сабақ жоғары деңгейде өтті.
