Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
"Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7232) 57-03-13
Есепші бөлімі:
+7(7232) 74-12-12
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Оралхан Бөкейдің 80 жылдығына орай “Өзіңдей қара сөзде асыл бар ма?!” атты қалалық қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің арасында байқау өтті.
29
сентябрь
2023

Оралхан Бөкейдің 80 жылдығына орай “Өзіңдей қара сөзде асыл бар ма?!” атты қалалық қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің арасында байқау өтті.

“Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі” КММ

27.09.2023 жылы лицейімізде жазушы-драматург Оралхан Бөкейдің 80 жылдығына орай “Өзіңдей қара сөзде асыл бар ма?!” атты қалалық қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің арасында байқау өтті.
Байқаудың мақсаты-халқымыздың біртуар перзенті, қазақ сөз өнерінің  айтулы саңлақтарының бірі, көрнекті жазушы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, жерлес жазушымыз Оралхан Бөкейдің өмірі мен шығармашылығын насихаттау, қазақ халқының проза жанрына зор үлес қосқан жазушының әдеби мұраларын дәріптеу, мұғалімдердің классикалық әдебиеттерді  оқуға  деген қызығушылықтарын арттыру.
Байқауға өз бақтарын сынап келген 24 қатысушы жазушының түрлі шығармаларын нақышына келтіре оқып, көрерменді тәнті етті.
"Бүгінгідей керемет кештен ерекше әсер алып қана қоймай, рухани жағынан байи түстік" деді қорытынды сөзінде қалалық білім беру бөлімінің әдіскері Зульфия Сатыбалдиновна. Сонымен қатар лицей ұжымына алғысын білдіріп, жоғары жетістіктер тіледі.

Қарапайым халық өмірін тылсым табиғатпен шебер астастыра суреттеген жазушының шығармалары- МӘҢГІЛІК.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив