28
сентябрь
2023
Кәсіптік бағдар жұмысын жүргізу аясында 22 қыркүйек күні 9-сынып оқушылары «Сәрсен Аманжолов атындағы колледжге» экскурсия жасады
«Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі» КММ
Кәсіптік бағдар жұмысын жүргізу аясында 22 қыркүйек күні 9-сынып оқушылары «Сәрсен Аманжолов атындағы колледжге» экскурсия жасады. Кәсіптік бағыт-бағдар беруші мамандар ШҚУ-дың 1-корпусын таныстырды. Колледждің сабақтары,іс-шаралары барлығы осы корпуста өтеді. Жоғарғы колледждегі мамандықтар: “мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының тәрбиешісі”, “бастауыш білім беру”,”дене тәрбиесі мұғалімі”,” қазақ тілі мен әдебиеті”,”орыс тілі мен әдебиеті”,”шет тілі мұғалімдері”,”аудармашы”,”бухгалтер”,”заңгер”,”химиялық талдау зертханашысы”,”ақпараттық жүйелер технигі”. Колледжде оқу 9-сыныптан кейін 3 жыл 10 ай. Гранттар аттестаттың орташа бағасына сәйкес анықталады.
Бүгінгі экскурсиядан оқушылар өте жақсы әсер алып қайтты. Оны төмендегі пікірлерден білуге болады.
1) “Иә, экскурсия жалпы өте қызықты болды. Көп керекті ақпарат айтылды, жетекшілерге рақмет. Колледжде көп мүмкіндіктер бар екені туралы білдік. Маған кітапхана қатты ұнады👍 Курумбаева Зарина 9-Б сынып оқушысы”
2) Экскурсия жақсы өтті. Бізге өте қатты ұнады
Акшабаева Адина 9-Ж сынып оқушысы.
3) Маған бүгінгі экскурсия өте қатты ұнады. Колледжде тек қана студенттерге емес, кішкентай балаларға да арналған қосымшалар ұйымдастырылатындығын және де мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған оқу орындары, ойын-сауық
алаңдары бар екендігін көрдік. Ал колледжге оқуға түскен студенттерді кітапханалар мен жатақханамен қамтамасыз етеді. Ұйымдастырушыларға үлкен рақмет және осындай қызық жерлерге тағы баратынымызға сенімдімін.
Даниярова Айсұлу 9-В сынып оқушысы.
4) Бұл экскурсия өте қызықты жане танымды болды! Қазіргі кездегі студенттердің оқу орнымен және студенттік өмірлерімен таныстық. Кітапханасында оқуға барлық жағдай жасалған. Мысалға алсақ біз кітапханаға кіргенде студенттер белсене кітап оқып отырғанына куә болдық. Кітапханалары компьютерлермен жабдықталған. Әсіресе химия, биология кабинеттері ұнады. Кабинеттері биологиялық модельдер мен химияға арналған сан алуан жабдықтар мен жабдықталған. Осы экскурсиядан кейін мен жақсы әсер алып қайттым . Ұйымдастырушыларға өте көп рақмет!
Қасенова Алида 9-В сынып оқушысы.
Директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары: Садыкова Н.А
Кәсіптік бағдар жұмысын ұйымдастырушы: Маратбекова Ж.М