05
июль
2023
Айтқожин Қайрат Батханұлы "Білім беру ісінің үздік педагогы" атты төсбелгімен марапатталды және куәлігіне ие болды
Лицейіміздің тарих пәні мұғалімі Айтқожин Қайрат Батханұлы Қазақстан Республикасы "Абай" атындағы халықаралық мәдениет пен өнерді қолдау қорының қоғамдық кеңесінің шешімімен 10 шілде күні Ұлттық руханиятқа сіңірген айрықша еңбегі үшін "Абай" мерейтойының медалімен марапатталады. Сондай-ақ мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың "Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам" атты Қазақстан халқына арналған жолдауын білім беру саласының мамандары арасында кеңінен насихаттау мақсатында өткен "Қазақстанның мәртебелі ұстазы" атты Республикалық байқауына қатысып, жеңімпаз атанып, І дәрежелі дипломмен марапатталды. Қайрат Батханұлы Қазақстан Республикасы білім және ғылым саласындағы ерен еңбегі үшін "Білім беру ісінің үздік педагогы" атты төсбелгімен марапатталды және куәлігіне ие болды. Ардақты ұстазымызды бағындырған белестерімен шын жүректен құттықтаймыз! Шығармашылық табыс тілейміз!