05
май
2023
Лицейімізде Ұлы Жеңіс күніне арналған "Бейбітшілік жасасын әлемде!" атты мерекелік шара өтті.
"Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі" КММ
Лицейімізде Ұлы Жеңіс күніне арналған "Бейбітшілік жасасын әлемде!" атты мерекелік шара өтті.
Бұл мерекелік кештің мақсаты: ата-бабамыздың ерен еңбегімен келген Ұлы Жеңісті ұлықтау, бейбітшілікті насихаттау, оқушыларымызды өз елінің нағыз патриоты болуға тәрбиелеу.
Мерекелік шараға лицей ұжымы және оқушылармен қатар, ата-аналар, арнайы шақырылған қонақтар - тыл еңбеккерлері, аталар мен әжелер кеңесінің мүшелері де келді.
Шара Жеңіс туының желбіреуін бейнелеген тамаша көріністен басталды. Ұстаздар әскери әндерді нақышына келтіре орындаса, оқушылар әскери әндердің әуеніне кереметтей билерін ұсынды.
Кішкентай ғана күміс көмей әншіміз Дананың орындауындағы "Әлия" әні көрерменнің көңілін босатпай қоймады. Концерт соңында 6-сынып оқушылары "Әрқашан күн сөнбесін" әнін хормен орындау арқылы бұл сөздердің бүгінгі жастардың ұраны болу керектігін дәлелдеп бергендей әсер қалдырды.
Лицей директоры Жаңыл Қайырбекқызы ұжымды, қонақтар мен оқушыларды құттықтап, алғыс білдірді. Сондай-ақ ата-апаларымыз да өз ризашылықтарын білдіріп, балаларға батасын берді.