22
декабрь
2022
Тарлан тарихымыздағы теңдессіз оқиға -Тәуелсіздікке қол жеткізуіміз. Ата-бабамыздың сан ғасырлық асыл арманы егемен ел болдық, тәуелсіз мемлекет ата
"Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі" КММ
Тарлан тарихымыздағы теңдессіз оқиға -Тәуелсіздікке қол жеткізуіміз. Ата-бабамыздың сан ғасырлық асыл арманы егемен ел болдық, тәуелсіз мемлекет атандық. Тәуелсіздік күні - тарихы тереңде жатқан байтақ еліміздің жаңа заманда дербестігін жариялаған күн болып табылады
2022 жылдың 20 желтоқсанында лицейіміздің өнерлі оқушыларымен Тәуелсіздік күніне арналған "Жайнай бер, қазақ елі!" атты концертіміз өтті. Мерекелік концерт - білім, спорт және өнер бойынша жүлделі орындарға ие болып жүрген оқушыларымызды марапаттау рәсімімен бастау алды. тамашалады. Кеш қонақтарын құттықтаған жас өнерпаздарымыз қазақ әндерінің алтын қорындағы отансүйгіштікке шақыратын туындыларын орындап, мерекелік көңіл күй сыйлады. Мерекелік концертке арнайы шақырылған ата-аналар, ұстаздар қауымы оқушылардың өнеріне тәнті болып, алғыстарын білдірді.