26
апрель
2023
Қалалық “Қозғалыстың жас инспекторлары” атты слетіне 7 «Б» сынып оқушылары қатысып, “Үгіт насихат бригадасы” сайысында жүлделі 3 орынға ие болды.


"Оралхан Бөкей атындағы №44 лицей” КММ
Қазіргі таңда біздің қоғамда «қазақстандық отансүйгіштік» ұғымына зор мән берілуде. Ұлттық дәстүрге берік, елін, жерін сүйетін азамат тәрбиелеу, жастардың бойында патриоттық сезімді қалыптастыру өскелең өмір талабынан туындап отыр. Осы мақсатта, «Патриоттық» айлық аясында лицейіміздің өнерлі, дарынды оқушылары әртүрлі іс-шараларға қатысуда. Соның бірі, 2023 жылдың 21 сәуір күні өткен қалалық “Қозғалыстың жас инспекторлары” атты слетіне 7 «Б» сынып оқушылары қатысып, “Үгіт насихат бригадасы” сайысында жүлделі 3 орынға ие болды.
Жас инспекторларымызды жеңісімен құттықтап, елін, жерін қорғайтын мықты азаматтар болатынына сенімдіміз!
Жауапты: Нуксиев Е. Капышев С.
Сынып жетекшісі: Мукажанова М.

