18
апрель
2023
Лицейімізде «Патриотизм – ұлттық рухтың асқақ белгісі» атты тақырыпта айлықтың салтанатты ашылуы өтті.
«Оралхан Бөкей атындағы №44 лицей» КММ
Барлық білім ошақтарында 10 сәуірден -10 мамыр аралығында мамыр мерекелеріне байланысты «Патриоттық» айлығы басталды.
12 сәуір күні лицейімізде «Патриотизм – ұлттық рухтың асқақ белгісі» атты тақырыпта айлықтың салтанатты ашылуы өтті. Салтанатты ашылу - Қазақстан Республикасының әнұранын орындаудан бастау алып, құттықтау сөз және патриоттық тақырыбында өнерпаз оқушылардың орындауындағы әсем әнмен жалғасын тапты. Бұл айлықтың мақсаты: жас ұрпақты бейбітшілікті сақтауға және нығайтуға, Отанды сүюге, ерлікке, адалдық пен батылдыққа тәрбиелей отырып, туған жерге деген патриоттық сезімді арттыру. Патриоттық айлықта - қалалық, лицейішілік іс-шаралар, әскери-спорттық ойындар,тақырыптық көрмелер, сурет байқауы, әскери сала қызметкерлерімен кездесулер, салтанатты кештер ұйымдастырылады.
Лицей оқушылары мен ұстаздарын алдағы шараларға белсене қатысуға шақырамыз!