14
декабрь
2021
«Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі» КММ
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында лицей оқушылары «Жас Ұлан», «Жас Қырын» балалар мен жасөспірімдер ұйымына салтанатты түрде қабылданды. «Жас Ұлан» және «Жас Қыран» қатарына енген оқушылар ант бере отырып, салтанатты жиынын патриоттық әсем әнмен жалғастырды. Лицей директоры Жаныл Қайырбекқызы лицей оқушыларын мерекелерімен құттықтап, лицей ұстаздары Жас ұлан» және «Жас қыран» ұйымына қабылданған оқушыларға туымыз түстес көгілдір галстук және төсбелгілерін табыстады.