31
январь
2023
волонтерлық бағыты бойынша оқушылар, мұғалімдер, ата-аналар «Үміт» балалар үйіне қонаққа барды.
«Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі» КММ
2023 жылдың 30 қаңтар күні лицей оқушыларының өзін-өзі басқару «Мұрагер» парламенті және «Жас Ұлан» ұйымдарының волонтерлық бағыты бойынша оқушылар, мұғалімдер, ата-аналар «Үміт» балалар үйіне қонаққа барды. Лицейіміздің өнерлі оқушылары әсем әндері мен билерін көпшілікке ұсынып, алғысқа бөленді. «Мейірімділік әлемді құтқарады» - дегендей, оқушыларымыз балаларға киім-кешектер, тәттілерден құралған сыйлықтарын тарту етті. Осындай қайырымдылық арқылы шәкірттеріміз өз бойларындағы мейірімділік, қамқорлық, кішіпейілділік сияқты адами құндылықтарды кеңінен түсініп, адам баласы махаббатқа және жылы сөзге құштар екеніне тағы бір көз жеткізіп қайтты. Бұл волонтерлық жұмыстың басты мақсаты да осы болатын. Оқушыларымыз балалар үйіндегі бүлдіршіндермен тез тіл табысып, санаулы сағаттарды қызықты өткізіп, керемет көңіл-күй сыйлады.
Волонтерлық жұмыстарды жүргізу барысында көмек қолын созып, жұдырықтай жұмылған лицейіміздің ата-аналарына, ұстаздарға, оқушыларға алғыс білдіреміз!