23
январь
2023
“Жас Ұлан”, “Мұрагер” ұйымдарының ұйымдастыруымен “Адалдық дүкені” іс-шарасы өтуде.
«Оралхан Бөкей атындағы №44 лицей» КММ
2023 жылдың 16-20 қаңтар күндері аралығында оқушылардың өзін-өзі басқару “Жас Ұлан”, “Мұрагер” ұйымдарының ұйымдастыруымен “Адалдық дүкені” іс-шарасы өтуде. Бұл іс-шараның негізгі мақсаты: оқушылар бойында сенімділік, шынайылық, адамгершілік қасиеттерін дамыту.
“Адалдық дүкеніне” оқу құралдары, кітаптар, тәттілер қойылып, оны көрсетілген бағада ұстаздар мен оқушылар сатып алуда. Әр сынып оқушылары іс-шараға белсенділікпен қатысып, үйлерінен сатылымға әртүрлі заттарын әкеліп, қолдау танытуда. Түскен қаражатқа балалар үйінің тәрбиеленушілеріне сыйлықтар мен тәттілер алынады. Осы іс-шара арқылы қайырымдылық жасау адам бойындағы асыл қасиет екенін жетене түсініп, оған шынайы ықыласпен атсалысып жатыр. Игі іс-шарамыз әлі де жалғасын табады.