21
февраль
2022
“Лицей және ЖОО ынтымақтастығы” жобасының аясында "Зертхана әлемінде " атты зертханаға саяхат жасады.
"Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі" КММ 10 "Ж" сынып оқушылары 2022 жылдың 17 ақпанында директордың кәсіптік бағдар жөніндегі орынбасары Садыкова Нуржамал Ануарбековнаның ұйымдастыруымен “Лицей және ЖОО ынтымақтастығы” жобасының аясында "Зертхана әлемінде " атты зертханаға саяхат жасады. Қазіргі заман талабына сай жоғарғы деңгейдегі технологиялармен жабдықталған зертхананы тамашалады. Зертхана жұмысымен химия кафедрасының сеньор-лекторы, жаратылыстану ғылымдарының магистрі Оразова С.С. таныстырды. Саяхат барысында оқушылар қызықты іс-тәжірибелердің куәгері болды, өз дүниетанымдарын жаңа ақпаратпен толықтырып, химия пәнінен білімдерін шыңдап қайтты. Жауапты мұғалім: Балпанбаева М.Т.