21
февраль
2022
“Лицей және ЖОО ынтымақтастығы” жобасының аясында В.С.Бажов атындағы табиғат мұражайына саяхат жасады.
"Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі" КММ 10 "Ж" сынып оқушылары 2022 жылдың 17 ақпанында директордың кәсіптік бағдар жөніндегі орынбасары Садыкова Нуржамал Ануарбековнаның ұйымдастыруымен “Лицей және ЖОО ынтымақтастығы” жобасының аясында В.С.Бажов атындағы табиғат мұражайына саяхат жасады. Саяхат барысында оқушылар түрлі экспонаттарды, құстар, жәндіктер, жануарлар мен формалинге салынған бауырмен жорғалаушыларды тамашалады. Таныстырылымды биология кафедрасының қауымдастырылған профессоры б.ғ.к Садыканова Г. Е. жүргізді.Бұл саяхаттан оқушылар өте жақсы әсер алып, білімдерін шыңдады.
Жауапты мұғалім: Балпанбаева М.Т.
Жауапты мұғалім: Балпанбаева М.Т.