11
декабрь
2019
«Жас Ұлан» және «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымы Республикалық Қоғамдық Бірлестігінің қатарына лицей оқушыларын қабылдау рәсімі
9 - желтоқсан күні лицейімізде Бірыңғай «Жас Ұлан» және «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымы Республикалық Қоғамдық Бірлестігінің қатарына лицей оқушыларын қабылдау рәсіміне арналған салтанатты жиын болып өтті. Бастауыш сыныптардан 238 оқушы «Жас Қыран» қатарына өтсе, 85 оқушы «Жас Ұлан» ұйымының мүшесі атанды. Оқушылар ұйымның мақсат, міндет, ережелерімен таныстырып өтті. «Жас Ұланға» өткен оқушылар салтанатты түрде ант берді. Лицей директорының міндетін атқарушы Садыкова Нуржамал Ануарбековна оқушыларды өмірлеріндегі айтулы оқиғаларымен құттықтап, сәт-сапар тіледі.