08
декабрь
2021
«Оралхан Бөкей атындағы № 44 лицейі» КММ
Бүгінгі жастар – еліміздің ертеңі. Ұлттық санамыз сілкініп, саяси ой - өрісіміз өрлеу жолына түскенде біздің кім екенімізді, ата - бабамыздың қандай болғанын, кең байтақ өлкені қалай қорғағанын, бостандықты қалай аңсап, қалай қастерлегенін, тегіміздің мызғымас мықты екенін ұрпаққа ұғындырып, келер ұрпаққа мирас етіп қалдыру – бізге парыз. Отанның азаттығынан, тәуелсіздігінен асқан дәулет жоқ!
Тәуелсіздік! Бабалардың асқақ арманы болған, қасиетті де қастерлі ұғым! Еліміз қанша белестен өтіп осы арманға қол жеткізді. Бүгінгідей бақытты күнді бұйыртқан тағдырға күніге мың рет тәубе етіп, тарихқа тағзым етеміз.
Өткен күнде белгі бар әрине. Тағылымы мол сындарлы жылдардың тарихына үңілсек, бүгінгі жетістіктерге жету жолында Елбасымыздың ерен еңбегі, маңдай тері, көреген саясаты, бәрі-бәрі көз алдымыздан өтері сөзсіз. Дербес мемлекетті қалыптастыру, оны жасампаздықтың жаңа жолына түсіру, өркениетті елдің қатарына қосу - қаншама күш-қуатты, білімділікті, біліктілікті қажет ететіні баршаға түсінікті болса керек. Елбасымыз осы үрдістің бәрінен шығып, алдына айқын мақсаттар қоя білді, өткенді бүгінмен сабақтастыра білді. Еліміздің мызғымас бірлігін сақтап, ұлттық құндылықтарымызды ұлықтады. Мәдениетіміздің өркендеуі мен білімімізді жетілдіруде қанша қыруар істер атқарылды. Мұны ұмытпай, болашаққа жеткізу, аманаттау - міндетіміз! Жалынды жастарымыздың жолдары ашық, келешегі жарқын болсын әрдайым! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!