04
ноябрь
2019
Ойкөкпар
Қазіргі таңда лицей оқушыларының пікір талас сайыстарындағы жетістіктері бізді қуантады. 18-қазан Рухани келісім күніне орай өткен «Діни келісім — бірлік пен тұрақтылықтың кепілі бола ала ма?» атты ойкөкпар сайысында Қыдырбекова Салтанат, Мұратов Алихан, Кайсенова Дильназ қатысқан «Өр Алтай» клубы жеңісті иеленді. Бұл қуаныш осымен тоқтап қалмайды. Алдағы уақытта алған білімдерін сабақта тиімді қолданып, тек ғана биіктерден көрінеді деп сенеміз.
Қазақстан Республикасы бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына жету үшін қарқынды дамып келе жатқан мемлекет. Соған орай білім мен ғылым жаңа заман талабына сай ұлттық идеялармен ұштастыруды көздейді. Елбасының жолдауында «біз бүкіл елімізде әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметіне қол жеткізуге тиіспіз» делінген. Білім беру жүйесі жаңа өркениетті қоғамға қажетті білімді, қабілетті, өз ойын еркін білдіретін, ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген шәкірт тәрбиелеуге бағытталған. «Балалардың бойында ұлы мүмкіншіліктердің бәрі бар» деп Т.Фуллер айтпақшы, жас ұрпақ бойындағы қабілет-қарымын тамыршыдай тап басып бағыт берілсе, жасампаздық қасиеттерді бойына сіңіріп өскендіктен, нағыз ұлтын сүйетін азаматтар елінің тағдырына бей-жай қарамай, келешегі көркем болар еді.
Бүгінгі таңда оқушы құзіреттілігін арттыру басты мақсат болып отыр. Ал, психологиялық сөздіктерде «компоненттілік», «құзіреттілік — жеке тұлғаның қоршаған ортадағы адамдармен тиімді қарым-қатынас жасай алу қабілеттері» делінген. Құзіреттілік деп оқушының алған білімі мен дағдыларын тәжірибеде, күнделікті өмірде қандай да бір практикалық және теориялық проблемаларды шешу үшін қолдана алу қабілетін айтады. Оқушының құзіреттілін арттыру үшін не істеуіміз керек? Оқушылардың құзіреттілігін арттыру, жүйелі білім, сапалы тәлім-тәрбие алуына, мәдени- рухани жағынан өсіп жетілуіне дебат ойындарының маңызы аса зор. Жалпы, оқушылардың бойына ұлттық үрдісті сіңдіруде, баланы озық қоғамға сай етіп тәрбиелеуде дебат технологиясының берер пайдасы мол. Оқушыларға сапалы білім мен саналы білім беру — бүгінгі күннің басты өлшемі. Өз позициясын жақтап шығуға тырысқан оқушылар бос уақытта сенделмей, кітапханаға барып түрлі материалдар іздестіреді. Қазіргі таңда ғаламтордың шеңберінен шырматылып шыға алмай қалған балалардың көркем әдебиет оқуға құлшынысы арта түседі. Ойын барысында өз ойларын келелі сөз, шынайы шеберлікпен, шешен тілмен жеткізуге тырысады. Кез келген тыңдаушыға жүйелі сөз әсер етері хақ. Шешендік салтанат құрған жерде оқушылар ұлттық-рухани құндылықтарды бойына сіңіріп, алдағы күнде ел жүгін мойнымен арқалауға дайын тұрады. Жаһандану заманында білім берудің озық үлгілерін пайдалана отыра нақты нәтижелерге қол жеткізу — бүгінгі заманның басты талабы.