Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
"Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7232) 57-03-13
Есепші бөлімі:
+7(7232) 74-12-12
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі» КММ "Мектепке кітап сыйла"
06
январь
2021

«Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі» КММ "Мектепке кітап сыйла"

«Оқуға құштар мектеп – оқуға құштар ұлт» жобасы бойынша оқушылардың оқу сауаттылығын дамыту мақсатында 2020 жылғы 16 желтоқсаннан 2021 жылғы 16 қаңтарға дейін «Кітапқа екінші өмір сыйла» қайырымдылық акциясының айлығы өтуде.
Оралхан Бөкей атындағы №44 лицей кітапханашылары қысқы демалыс кезеңінде ұйымдастырылған «Мектепке кітап сыйла» бірыңғай күніне белсенді түрде қатысып, үлестерін қосты.
Қайырымдылық акция кезінде лицей кітапханасы 10 кітаппен толықтырылды. Акция жалғасуда.

Өткізілген акция 4 форматтан тұрады:

№ 1 Формат: лицей оқушылары өздері оқыған кітаптарының  мазмұнынан сыр шерте отырып, "Біз оқыдық,сіз де оқыңыз" ұстанымын жалғап лицейдің кітапхана қорын өз кітаптарымен толықтырды.





№ 2 Формат: Лицейішілік ата-аналар комитетінің төрайымы, 8Б сынып ата-анасы Темірханова Нүрия Сейтбекқызы буккроссинг бұрышын  өзі  оқыған тағылымы мол "Қош бол, қиындық" атты кітаппен толықтырып, жалпы кітап мазмұны жайлы ой бөлісті. Сондай - ақ аталмыш бұрыштан әлі оқымаған өзі ұнатқан кітабын алды.






Буккроссинг бұрышында  кітапқа аннотациялары бар көрме ұйымдастырылды  және де кітаптың не үшін ұнағаны және оқуға ұсынылатындығы туралы жеке сипаттамалары ұсынылды.


№ 3 Формат: 1 сынып оқушылары мен  ата-аналары «Кітап өсу» акциясына қатысып, оқыған қызықты кітаптарына жүрекжарды тілектерін жазып, лицейіміздің кітапхана қорына тарту етті.







№ 4 Формат: 2020-2021 оқу жылында лицейімізді бітіруші түлектер «Мектеп кітапханасына кітап сыйла» атты  қайырымдылық акциясына қатысып, өздерінің соңынан ерген іні-қарындастарына ізгі тілектері жазылған әдеби кітаптарды лицей кітапханасына сыйға тартты.


11 Ж – сынып оқушысы Мырзахан Айтөре




11 М – сынып оқушысы  Қыдырханова Салтанат



Лицей кітапханашылары:  Омарханова Б.Ж. , Нұқсарина Е.А.



Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив