10
февраль
2020
«Абай – дана, Абай – дара қазақта» атты лицейішілік Абай оқулары өткізілді.
Аталған шараның негізгі мақсаты – оқушылардың ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы білімдерін кеңейту және тереңдету; ұлы Абайдың әдеби мұраларын дәріптеу, лицей оқушыларының классикалық әдебиеттерді оқуға деген қызығушылықтарын арттыру; Абай шығармаларындағы эстетикалық талғам мен тұлғалық қасиетті насихаттау, ұлттың рухани мұрасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Абай оқулары 3 номинация бойынша өткізілді. «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» номинациясында қатысушылар Абай өлеңдерін жатқа оқыды. «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» номинациясы бойынша қатысушылар Абай қарасөздерін, аудармаларын, поэмаларын жатқа, мәнерлеп оқу сайысына түсті. «Көңілім әнді ұғады» номинациясында лицейіміздің жезтаңдай әншілері Абайдың әндерін жанды дауыста орындады. Қатысушылар Абай шығармаларын қазақ және орыс тілдерінде орындады.
Сайыс барысында хакім Абайдың «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым», «Жігіттер, ойын – арзан, күлкі – қымбат», «Күз», «Көңілім қайтты достан да, дұшпаннан да» атты өлеңдері, 1, 4, 5, 6, 8, 17, 26-қарасөздері, «Есек пен бұлбұл», «Піл мен кәнден», «Ала қойлар», «Шегіртке мен құмырсқа», «Татьянаның Онегинге хаты», «Жолға шықтым бір жым-жырт түнде жалғыз» атты аудармалары жатқа оқылды. «Желсіз түнде жарық ай», «Айттым сәлем қаламқас», «Көзімнің қарасы» әндері жанды дауыста шырқалды. Сайыстың қатысушыларын әділ бағалаушы әділ-қазылар келесідей құрамда жұмыс жасады: Еркін Қуаныш - «Жұлдыз» балалар өнер мектебінің «Көркем сөз» сыныбының мұғалімі, Толымханова Ғафура Айдарханқызы – С.Аманжолов атындағы ШҚМУ филология факультетінің оқытушысы, Темірханова Нүриә Сейтбекқызы - «Қамқор» кеңесінің төрайымы, Рамазанова Назгүл Саясатовна - «Қамқор» кеңесінің мүшесі.
Сайыс нәтижесінде әрбір номинация бойынша жеңімпаздар анықталды. «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» номинациясы бойынша Бас жүлде – Әуесбекова Еркежан, Бөкенов Дамир; 1-орын – Берікханова Айша, 2-орын – Әділбек Әкежан, Абиканова Дария, 3-орын – Мерхатұлы Бекарыс. «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» номинациясы бойынша Бас жүлде – Тілеуді Аружан, 1-орын – Қайратова Ақбота, 2-орын – Жаныбекова Камила, Исламова Елігай, 3-орын – Исатай Айым. «Көңілім әнді ұғады» номинациясы бойынша Бас жүлде – Құралдық Аяулым, 1-орын – Майлыхан Айғаным, 2-орын – Берікболқызы Дильназ, Оразова Айсұлу, Манарбекова Әйгерім, 3-орын – Алтынғазинова Айым.