"Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі" КММ
"Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі" КММ Бүгін лицейіміздің 1-"Б" сынып оқушыларына сынып сағатында «Заң және тәртіп» тақырыбы кеңінен талқыланып, оқушыларға заңды құрметтеу мен қоғамдық тәртіпті сақтаудың маңызы түсіндірілді. Әр азаматтың құқықтары мен міндеттері туралы айтылып, тәртіпті, жауапты болу — тәрбиенің негізі екені айтылды. Сонымен қатар сынып сағаты «Білімім — Отаныма» бағытымен жалғасын тапты. Оқушыларға сапалы білім алу арқылы еліміздің дамуына үлес қосуға болатыны айтылды.