Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
"Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7232) 57-03-13
Есепші бөлімі:
+7(7232) 74-12-12
Нашар көрушілер
нұсқасы
Лицейімізде Шет тілдері факультетінің 2 курс студенттері педагогикалық практикадан өтуде
13
май
2023
Лицейімізде Шет тілдері факультетінің 2 курс студенттері
10 мамырдан бастап Орал Бөкей атындағы № 44 лицейде Шет тілдері факультетінің 2 курс студенттері педагогикалық практикадан өтеді . Бұл бейнеде біз мектеп туралы әсерлермен бөліскіміз келді. Менің ойымша, біз мұны істей алдық!
ҚР Оқу-ағарту министрі "Алтын белгі" үміткерлерімен онлайн форматында "№48 жалпы білім беру орта мектебі" КММ базасында кездесу өткізді.
13
май
2023
ҚР Оқу-ағарту министрі "Алтын белгі" үміткерлерімен онлайн форматында
"О. Бөкей атындағы №44 лицей" КММ ҚР Оқу-ағарту министрі "Алтын белгі" үміткерлерімен онлайн форматында "№48 жалпы білім беру орта мектебі" КММ базасында кездесу өткізді. Кездесуге Өскемен қаласы бойынша 132 "Алтын белгі" үміткерлері қатысқан кездесуге лицейіміздің 10 "Алтын белгі" үміткерлері,атап айтсақ Ракишева Д, Бақытбеков Н, Жанымқанова А, Кужебаева А, Қуанышбаев А, Айымханова А, Кадырова З, Қайратова А, Талғатова А қатысып қайтты. Келелі кездесуден үміткерлер көп мағлұмат алып, болашаққа
1 “Б” сынып оқушылары “Бос уақытты тиімді пайдалануда
13
май
2023
1 “Б” сынып оқушылары “Бос уақытты тиімді пайдалануда
Уақытты тиімді өткізу-бір күннің бос өтпегені. Бос уақытты тиімді әрі қызықты өткізу бала тұлғасының қалыптасуына үлкен ықпалын тигізеді. 1 “Б” сынып оқушылары “Бос уақытты тиімді пайдалану ” атты бейнебаяндарын ұсынады. Сынып жетекшісі: Жунусова Асел Болатқызы
Лицей аумағындағы үлескі - "Жерұйықты" гүлдендіріп, айналасын абаттандыруға ат салысты
13
май
2023
Лицей аумағындағы үлескі - "Жерұйықты" гүлдендіріп, айналасын
"Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі» КММ Лицей аумағындағы үлескі - "Жерұйықты" гүлдендіріп, айналасын абаттандыруға ат салысты. Экологиялық тәрбиенің мақсат-міндеті жас ұрпақты өзі мекен еткен табиғи ортаның әсемдігін сезінуге, тазалығын сақтауға, қоршаған ортаға мейірімділікпен қарап, қамқор болуға тәрбиелеу. Лицей аймағын көгалдандыру, қамқор болу арқылы оқушылар экологиялық мәдениетін қалыптастырып, табиғатқа ұқыптылықпен қарауға үйренеді. Отанын сүйетін,табиғатты аялай білетін азаматты
7 "Б" сыныбының оқушылары бос уақыттарын тиімді өткізу мақсатымен үзілісте "Мергендер сайысы" ұйымдастырылды.
13
май
2023
7 "Б" сыныбының оқушылары бос уақыттарын тиімді өткізу мақсатымен
«Оралхан Бөкей атындағы № 44 лицейі» КММ 7 "Б" сыныбының оқушылары бос уақыттарын тиімді өткізу мақсатымен үзілісте "Мергендер сайысы" ұйымдастырылды. Оқушылар тек қана сергіп қоймай,ептілігін,назар ықыласын,жеңуге деген ұмтылысын дамытты.Оқушылар ойынға қызығып,икемделе білді.Ойын барысында балалар бір-бірін қолдай алып,сыныптың бірлігі нығая түсті. Сынып жетекшісі: Мухажанова М.А.
«Терроризмге қарсы іс-әрекет» тақырыбында түсіндірме-нұсқаулық жұмысы жүргізілді.
13
май
2023
«Терроризмге қарсы іс-әрекет» тақырыбында түсіндірме-нұсқаулық жұмысы
«Оралхан Бөкей атындағы №44 лицей» КММ 2023 жылдың 12 мамыр күні Шығыс Қазақстан Білім Басқармасы, ШҚ әкімшілік аппаратының антитеррорлық қызметі, Полиция департаменті, Төтенше жағдайлар департаменті, Ұлттық қауіпсіздік департаменті қызметкерлерімен бірлескен білім беру ұйымдарының басшыларына «Терроризмге қарсы іс-әрекет» тақырыбында түсіндірме-нұсқаулық жұмысы жүргізілді. Осыған байланысты, лицей әкімшілігінің ұйымдастыруымен ұжымға жиналыс өткізіліп, нұсқаулық беріліп, түсіндірме жұмысы
3 "А" сынып оқушыларының бос уақытын тиімді өткізу үшін  мәдени орындарға жиі апарып тұрады
12
май
2023
3 "А" сынып оқушыларының бос уақытын тиімді өткізу үшін мәдени
"Оралхан Бөкей атындағы #44 лицейі"КММ Еліміздің болашағы өсіп келе жатқан өскелең ұрпағымыз .Сол келешегіміздің кемел,болашағымыздың жарқын болуы үшін балалардың бос уақыты тиімді ұйымдастырылуы қажет. Олардың дені сау болып, өмірге құштар болып өсуі үшін барлық жағдай жасау керек. 3 "А" сынып оқушыларының бос уақытын тиімді өткізу үшін мәдени орындарға жиі апарып тұрамыз.Ата-аналар да балаларымен ойын-сауық орталықтарына,табиғат аясына шығып тұрады.Сонымен қатар түрлі үйірмелерге қатысады.
2«Г» сынып оқушылары түрлі спорттық үйірмелерге қатысып, бос уақыттарын тиімді пайдалануда.
12
май
2023
2«Г» сынып оқушылары түрлі спорттық үйірмелерге қатысып, бос
«Оралхан Бөкей атындағы N 44 лицейі» КММ Қазіргі таңда оқушылардың дамуына бағытталған және де бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында түрлі үйірмелер, спорттық секциялардың пайдасы өте зор. 2«Г» сынып оқушылары түрлі спорттық үйірмелерге қатысып, бос уақыттарын тиімді пайдалануда. Сіздердің назарларыңызға 2«Г» сыныбының бейнеролигін ұсынамыз. Сынып жетекшісі: Н.А.Даутбекова
6- "Б" сынып оқушылары бос уақытын тиімді пайдалану  мақсатында  монументке саяхатқа барып қайтты
12
май
2023
6- "Б" сынып оқушылары бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында
"Оралхан Бөкей атындағы #44 лицейі "КММ Қаламыздағы Тәуелсіздік монументі асқан шеберлікпен жасалған туынды. Оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында 6- "Б" сынып оқушылары аталған монументке саяхатқа барып қайтты. Оқушылар монументтің әр қырын зерделеп, тарихи оқиғаларға көз жүгіртіп қайтты. Қазақ хандығындағы елеулі тұлғалардың мүсіндерімен танысып, ой қорытып, тарихқа көз жүгірту арқылы таным көкжиегін арттыра түсуге мүмкіндік алды. Сынып жетекшісі : Думанқызы Н.
4«Г» сынып оқушысы Адамбек Ахмет мектептен кейінгі бос уақытын тиімді өткізед
12
май
2023
4«Г» сынып оқушысы Адамбек Ахмет мектептен кейінгі бос уақытын тиімді
«Оралхан Бөкей атындағы #44 лицейі» КММ. 4«Г» сынып оқушысы Адамбек Ахмет мектептен кейінгі бос уақытын тиімді өткізеді.«Уақытты тиімді пайдалану - жақсылыққа ұмтылу» дегендей әр күні спортпен, ағылшын тілін оқумен және шахмат ойнаумен өткізеді. Және де қызықты кітаптар оқып, ой өрісін кеңейтеді. Сынып жетекшісі: Садыкова К. С.