Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
"Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7232) 57-03-13
Есепші бөлімі:
+7(7232) 74-12-12
Нашар көрушілер
нұсқасы
Жас мамандар арасында тәжірибе алмасу, ұжымдық рухты көтеру мақсатында ұйымдастырылган “Біздің лицей” куиз сайысы болып өтті.
06
ноябрь
2023
Жас мамандар арасында тәжірибе алмасу, ұжымдық рухты көтеру
“Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі” КММ Бүгін жас мамандар арасында тәжірибе алмасу, ұжымдық рухты көтеру мақсатында ұйымдастырылган “Біздің лицей” куиз сайысы болып өтті. Сайысқа лицейіміздің жас мамандары қатысты. Жас мамандар Алабай, Смарт, Мұзтау, Эверест, Лэдиес атты бес командадан тұрды. Куиз неше түрлі логикалық, кино, музыка және эрудицияға байланысты сұрақтарға толы бес кезеңнен құралды. Сайыс өте көңілді және тартысты өтті. Нәтижесінде “Эверест” командасы топ жарып, бірінші орынды
Сынып жетекшілер бірлестігінің жылдық жоспарына сәйкес  "Рухани тәрбие адамгершіліктің бастауы" тақырыбында сынып жетекшілер отырысы өтті.
06
ноябрь
2023
Сынып жетекшілер бірлестігінің жылдық жоспарына сәйкес "Рухани
"Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі" КММ 2023 жылдың 1 қарашасы күні сынып жетекшілер бірлестігінің жылдық жоспарына сәйкес "Рухани тәрбие адамгершіліктің бастауы" тақырыбында сынып жетекшілер отырысы өтті. Коучинг түрінде өткен отырыстың басты мақсаты: Бала бойындағы құндылықтарды дамытуда қолданылатын тиімді, нәтижелі әдіс- тәсілдермен бөлісу, іс-тәжірибе алмасу. Коучинг түрінде өткен отырыс 3 кезеңнен тұрды. 1-кезеңде ұйымдастырушылар сынып жетекшілерді 5 топқа бөліп, жасырынған сөздерден
«Қауіпсіз терезе», «Көлік жолдарының қауіпсіздігі» тақырыптарында ақпараттық-нұсқаулық өткізіп, ата-аналар мен оқушыларға жадынама таратты.
06
ноябрь
2023
«Қауіпсіз терезе», «Көлік жолдарының қауіпсіздігі» тақырыптарында
«Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі» КММ 01 қараша күні көпқабатты үйлердің терезесінен балалардың құлауы, жол көлік оқиғаларының көбеюі және кәмелетке толмағандар үшін жол қозғалысы қауіпсіздігінің алдын алу мақсатында ТІМ Құралай Әділбекқызы, Ерғалым Қанатұлы сынып жетекшілерге «Қауіпсіз терезе», «Көлік жолдарының қауіпсіздігі» тақырыптарында ақпараттық-нұсқаулық өткізіп, ата-аналар мен оқушыларға жадынама таратты.
Бүгінгі таңдағы көкейкесті мәселелердің бірі - бала қауіпсіздігі, бала өмірі.
06
ноябрь
2023
Бүгінгі таңдағы көкейкесті мәселелердің бірі - бала қауіпсіздігі,
«Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі» КММ Бүгінгі таңдағы көкейкесті мәселелердің бірі - бала қауіпсіздігі, бала өмірі. Күнделікті өмірде балаларымызбен орын алып жатқан келеңсіз оқиғалардың куәсі болып отырмыз. Құрметті ата-аналар, «Бала-өмірдің мәні, сәні» екендігін назардан шығармайық! Ата-аналар мен оқушыларға арналған жадынама ұсынамыз.
Бүгінгі күн театрға барып "Алладин" қойылымын тамашаладық.
06
ноябрь
2023
Бүгінгі күн театрға барып "Алладин" қойылымын тамашаладық.
Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы "Оралхан Бөкей атындағы N44 лицейі" КММ Күз келді,күз келді Қуантып біздерді. Жапырақ сарғайып, Табиғат өзгерді,- дегендей күзбен бірге күзгі демалыс та келді.Демалыс күндерін көңілді,қызықты,тиімді өткізу үшін әр күнге жоспар құрылды.Бүгінгі күн театрға барып "Алладин" қойылымын тамашаладық. Оқушылар қойылымнан жақсы әсер алып,көңілді демалып қайтты.Демалыс күндері қауіпсіздік ережелерін сақтауды да ұмытпай,жақсы демалу керектігіне баса назар аударамыз .
"Оралхан Бөкей атындағы № 44 лицейі" КММ 27 қазан күні 1 "Г" сынып оқушылары және ата-аналардың қатысуымен "Алтын күз"   отбасылық спорттық сайыс өтті
06
ноябрь
2023
"Оралхан Бөкей атындағы № 44 лицейі" КММ 27 қазан күні 1 "Г" сынып
"Оралхан Бөкей атындағы № 44 лицейі" КММ 27 қазан күні 1 "Г" сынып оқушылары және ата-аналардың қатысуымен "Алтын күз" тақырыбында отбасылық спорттық сайыс өтті. " Балаға қуаныш сыйлай отырып, тәрбиелеуіміз керек ",- деген ұлы педагогтардың қанатты сөзін ту еткен сынып жетекшісі Данара Мусратовнаның күзгі каникул қарсаңында оқушыларға есте қалар тамаша іс-шарасына оқушылар өте белсенділікпен қатысты. Сынып жетекші іс-шараның спорттық құралдарын жеміс-көкеністермен алмастырып, күз байлықтарының
І тоқсан қорытындысы   химия, биология, география  пәндерінен білім сапасы, тжб қорытындысы, жіберілген қателер мен түзету жолдары  талданды.
06
ноябрь
2023
І тоқсан қорытындысы химия, биология, география пәндерінен білім
Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейінің директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Садыкова Нұржамал Ануарбековнаның қатысуымен 31.10.23.ж күні жаратылыстану кафедрасының әдістемелік отырысы өтті. Күн тәртібінде қаралған мәселелер: І тоқсан қорытындысы химия, биология, география пәндерінен білім сапасы, тжб қорытындысы, жіберілген қателер мен түзету жолдары талданды. Жауапты кафедра жетекшісі:Жайлаубаева Р.Г Екінші мәселе бөйынша биология пәнінің мұғалімі Мананова М.Н өз іс-тәжірибесімен бөлісті.
1"Г" сынып оқушысы Бақытжанов Ерсұлтан Республика күні мерекесіне орай  "Адал" спорт клубы өткізген қалалық еркін күрес сайысынан жүлделі 3-орын алды
06
ноябрь
2023
1"Г" сынып оқушысы Бақытжанов Ерсұлтан Республика күні мерекесіне
"Оралхан Бөкей атындағы № 44 лицейі" КММ 1"Г" сынып оқушысы Бақытжанов Ерсұлтан Республика күні мерекесіне орай "Адал" спорт клубы өткізген қалалық еркін күрес сайысынан жүлделі 3-орын иеленді. Бағындырар биіктерің көп болсын, Ерсұлтан!Біз сенімен мақтанамыз! Сынып жетекшісі:Рахимжанова Д.М.
Семинар  "Кәсіби бағдар беру жұмысының өзекті мәселелері"
29
октябрь
2023
Семинар "Кәсіби бағдар беру жұмысының өзекті мәселелері"
18 қазанда Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің "Бейінді мектеп" КММ ұйымдастырған "Кәсіби бағдар беру жұмысының өзекті мәселелері" атты қалалық семинар өтті. Семинарға орта мектептердің педагог - кәсіби бағдар берушілері мен жоғары оқу орындарының өкілдері қатысты. Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің Маркетинг, мансап және жұмысқа орналастыру орталығының өкілі Жаннель Болатова өз ойымен, ұсыныстарымен бөлісті. Педагог - кәсіби бағдар берушілері қажетті мағлұматтар алды.
5- "А" сынып оқушылары сынып жетекшісі Меруерт Бақытбекқызымен бірге Республика күніне өз құттықтауларын жолдады.
29
октябрь
2023
5- "А" сынып оқушылары сынып жетекшісі Меруерт Бақытбекқызымен бірге
"Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі" КММ 5- "А" сынып оқушылары сынып жетекшісі Меруерт Бақытбекқызымен бірге Республика күніне өз құттықтауларын жолдады. Әйнегі – күн, Шатыры – аспан, Кең дал, төсі толған егін, Көлдері көкке күмістер шашқан, Қазақстан – Республикам менің! Мереке құтты болсын!