14
апрель
2022
Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейінде «Отанымның тірегі, отбасымның жүрегі» атты әкелер конференциясы өтті.
«Оралхан Бөкей атындағы №44 лицей» КММ
Әкенің бала дүние есігін ашқаннан бастап, оның өсіп дамуына тигізетін әсері маңызды екені баршамызға мәлім. «Әке – отбасының тірегі», «Әке – асқар тау»- деп теңестіреді халық даналығы. Әр бала әкесі мен анасының махаббатының жемісі болғысы келеді. Бақытты бала тек бақытты ата-анада ғана болады. Бала тәрбиесінде әкенiң рөлі ерекше, осы мақсатта Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейінде «Отанымның тірегі, отбасымның жүрегі» атты әкелер конференциясы өтті. Конференцияның басты мақсаты - отбасы, бала тәрбиесінде әкенiң рөлі ерекше екендігін түсіндіру, лицей мен отбасының өзара байланысын, қарым-қатынасын нығайту.
Конференцияға лицей оқушыларының әкелері мен аталары қатысты. Конференция қонақтары - Нұрмұхамедов Әлібек, Нұрғожа Сериянов, Солтанғали Аман, Кемешев Набиолда, Оразбек Апышев аталарымыз жас әкелерге өмірде көрген түйгендерін, бала тәрбиесіндегі тәжірибелерімен бөлісті. ҚР мәдениет қайраткері Набиолда атамыз әкеге арнаған әнін шырқап, көпшіліктің ықыласына бөленді. Мағынасы терең іс-шарамыздың көпшілік қауымға берері көп болды деп ойлаймыз