6”А” сыныбының оқушылары бос уақыт кезінде үзілісті көңілді, тиімді
“Оралхан Бөкей атындағы № 44 лицейі” КММ 6”А” сыныбының оқушылары бос уақыт кезінде үзілісті көңілді, тиімді өткізу мақсатына байланысты қызықты ойындар ұйымдастырылды. Ойындар оқушылардың сыйластығын,бір-біріне деген жақсы қарым-қатынасын, ұйымшылдығын, алға қарай жылжуға деген ұмтылысын арттырды. Ойын барысында оқушылар ойын ережесін сақтап, ұйымшылдықтарын көрсете білді. Ойындарды қызыға ойнап, оқуға деген ынталары, зейіндері арта түсті. Сынып жетекшісі: Қалиолла Г.