06
сентябрь
2023
Оралхан Бөкейдің 80 жылдық мерейтойына арналған «Тіл шебері» қалалық байқауын ұйымдастырды.
"Оралхан Бөкей атындағы 44 лицейі " КММ
5 қыркүйек - Қазақстан халқының тілдері күніне орай Өскемен қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қолдауымен Оралхан Бөкей атындағы орталық кітапхана Оралхан Бөкейдің 80 жылдық мерейтойына арналған
«Тіл шебері» қалалық байқауын ұйымдастырды. Бұл аталмыш сайысқа лицейіміздің 10-"М" сынып оқушылары Айдосұлы Әбілмансұр мен Токтарова Самира қатысып, нәтижесінде өздерінің білімдерін дәлелдеп, бағалы сыйлықтар мен алғыс хатқа ие болды. Байқау «Елтаным», «Өнертаным», «Сөзтаным» деп аталатын үш кезеңнен тұрды. Оқушыларымыз өз білгендерін ортаға салып, лицей қоржынын өз жетістіктерімен толықтырды. Оқушыларымызды құттықтай отырып, тек биіктерден көріне берсін деп тілейміз.
Пән мұғалімі: Қ.Б. Шуленова