09
март
2022
«Қазақ поэзиясының Құлагері» атты лицейшілік мәнереп оқу сайысы
Ілияс Жансүгіров – «қазақ поэзиясының Құлагері» деп мойындалған, ақын, тамаша прозаик, драматург, сатирик, қоғам қайраткері, өнертанушы. Оның поэзиясы ұлттық әдебиеттің классикалық байлығының қатарына жатады. Қазақ Сәкен мен Ілияс, Бейімбет үшеуін «Үш бәйтерек» деп бөле-жармай, тұтас атаған, төбесіне көтерген. Поэзиясы арқылы оқырманның қиялына қанат бітірген. Шығармашылығында гуманистік адамгершілік идеясын, ұлттық өнерді насихаттауға барынша күшін салған ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқу сайысы ұйымдастырылады. Лицейіміздің 3-4 сыныптар арасында өткізілетін сайыстың ереже-шартын назарларыңызға ұсынамыз.