«Абай – дана, Абай – дара қазақта» атты әдістемелік кафедра мүшелері арасындағы шығармашылық байқау сценарийі » "Оралхан Бөкей атындағы № 44 лицейі"КММ
Коммунальное государственное учреждение
Лицей №44 имени Оралхана Бокея
"отдела образования по городу Усть-каменогорску "
управления образования восточно-казахстанской области
Қабылдау бөлімі:
+7(7232) 57-03-13
Бухгалтерия
+7(7232) 74-12-12
Версия для
слабовидящих
» » » «Абай – дана, Абай – дара қазақта» атты әдістемелік кафедра мүшелері арасындағы шығармашылық байқау сценарийі
15
февраль
2020

«Абай – дана, Абай – дара қазақта» атты әдістемелік кафедра мүшелері арасындағы шығармашылық байқау сценарийі

Шығармашылық байқаудың мақсаты - ұстаздар арасында қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлының өмір жолы мен шығармашылығын насихаттай отырып, ұстаздардың шығармашылық қабілетін, эстетикалық сезімін, сезімталдық мәдениетін дамыту, адамзаттың Абайына айналған Абай шығармашылығы арқылы адам бойындағы рухани құндылықтарды байыту.
Шығармашылық байқау міндеттері:
1. Ұстаздар арасында Абайдың өмір жолы мен шығармаларын насихаттау;
2. Шығармашылық байқау қазақ тілінде өтеді.(Орыс тілі кафедрасы қай тілде өткізетіндігін өздері таңдайды.)
3. Шығармашылық байқауға лицейдегі барлық кафедралар қатысуы міндет.
Өткізу мерзімі:
1. Өтілетін орны: «Оралхан Бөкей атындағы № 44 лицейі» КММ . Акт залы. 12 ақпан 2020 жыл. Сағат: 13.00-де.
2. Шығармашылық байқау ұйымдастырушылары – «Оралхан Бөкей атындағы № 44 лицейі» КММ қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімдері.
1-кезең.
Сахна сыртынан дауыс:
Дана Абайды қазақтың ақылына балаймын.
Туатұғын алдынан ғасырына балаймын!
Ақылының нұры бар, Абайы бар қазақтың,
Жан алаңы, мұңы бар- қазағы бар Абайдың.
Арлы Абайды қазақтың қайраты деп ұғамын,
Қайда барса айбыны, айбаты деп ұғамын!
Жер шарының шиырлап, қай жағынан шығайын,
Құбылаға бұрғандай, Абайға бет бұрамын!
Сара Абайды қазақтың жүрегі деп білемін,
Жүректі шер меңдесе, таба алады кім емін?
Ақындардың ірісі, ғашықтардың пірі едің,
Адамзаттың Абайы соғып тұрған жүрегім!
1-жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар мен кеш қонақтары, қадірлі өнер сүйер қауым! Бүгін осы бір киелі шаңырақта қазақ сахарасының өзіндей алып, өзіндей ұлы, ғажайып таланттың иесі, қасиетті де аруақты, әлем әдебиетінің жарық жұлдыздарының бірі, Адамзаттың Абайы атанған - Абай Құнанбайұлының 175 жылдық торқалы мерейтойына орай ұйымдастырылып отырған «Абай-дана, Абай-дара қазақта» атты керемет кештің куәсі болмақпыз. Бүгінгі кешімізде хакім Абайдың ұлы шығармаларынан сусындап, бойымыздағы ұлттық және рухани құндылығымызды тағы да бір байытып, өлең мен өнер атты киелі екі ұғымның тұнығына терең бойлайтын боламыз.
2- жүргізуші: Қай елдің болса да тәңірдей табынып, құдайындай мінәжат ететін киелілері болады ғой. Ал дана Абайдың тұлғасы, Абайдан қалған әрбір киелі сөзі- халқымыздың, ұлтымыздың ұраны, кеудені кернейтін мақтанышы. Абай – күллі алты Алаштың иісі, қазақтың пайғамбары десек асыра сілтеу болмас.
1-жүргізуші: Мен өлеңге сыйғыза алман Абайды,
Жыр құдайы жоғарыдан қарайды.
Көлеңкелі кеудесіне қазақтың
Шымырлаған шуақ болып тарайды.
Өлең-жырдың көктеткен боз тақырын,
Анық басып, жүрдің байқап ақырын.
Қазақ бүгін көтереді көгіне,
Халық үшін қан жылаған ақынын.
2-жүргізуші: Иісі қазаққа Абай өнегенің,өнердің,әділеттің, адамгершіліктің, адам болып туғанмен адам болып қала білудің жолын көрсетуші,халық үшін күресудің зор үлгісі.Біздің бүгінгі кешіміз де осындай ұлы тұлғаның ұлы туындыларын насихаттауға бағытталған. Ендеше лицей ұжымы ұйымдастырып отырған «Абай – дана, Абай – дара қазақта» атты әдістемелік кафедра мүшелері арасындағы шығармашылық байқауымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
1-жүргізуші:
Қош келдіңдер әріптестер дарынды.
Қарсы аламыз құшақ жая бәріңді
Жермен келіп,қайтасыңдар көкпенен
Керемет кеш байытады жаныңды-деп сайысымыздың алғашқы шымылдығын ашу үшін құттықтау сөзді лицей директоры Салыкова Нуржамал Ануарбековнаға береміз.
2-жүргізуші:
Бәйгеге түсіп жарыспай
Жүйріктің бағы жанар ма?
Білім мен өнер жарысып,
Тәрбие, тәлім табар мән.
Бұл бәйге өнер бәйгесі
Кім жүйрік болса сол алда,-демекші бүгінгі бәйгеге қатысушы сәйгүліктердің шабысын аңдайтын, төрелігін айтатын қара қылды қақ жарған, әділ сынды дәл айтқан қазылар алқасымен таныс болыңыздар.
1. Шығыс Қазақстан облыстық Жастар театрының режиссері Дарын Қалибекұлы
2. ШҚМУ-дың филология факультетінің қызметкері Дана Қайрат
3. ШҚМУ-дың филология факультетінің қызметкері Гулина Бақытжол
1- жүргізуші:Ендеше құрметті өнер сүйер қауым сайыс шарттарын тағы бір еске сала кетейік. Сайыс 2 кезеңнен тұрады.
I кезең.«Өнерге әркімнің де бар таласы» - М.Әуезовтың «Абай жолы» роман-эпопеясынан үзінді-көрініс.
II кезең. «Абай әлемі» атты ғылыми-әдістемелік ізденіс және іс-тәжірибе алмасу кезеңі. Арнайы жоспарланған кабинеттерде өтеді. 2- жүргізуші: Сондай –ақ сайыс талаптарыныа назар аударуларыңыз сұралады. I кезең бойынша- М.Әуезовтың «Абай жолы» роман-эпопеясынан үзінді-көрініс көрсету. Актерлік шеберлік пен шынайылық, сахналық декорация, сахналық костюм, сахна мәдениетінің сақталуы. (7 минуттан аспауы шарт). жүргізуші: Құлақтан кіріп, бойды алар
Жақсы ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең, менше сүй-дейді ақын Абай атамыз. Ендеше сайысымыздың алғашқы ән шашуын қабыл алыңыздар. Ән «Желсіз түнде жарық ай».
Орындайтын лицейіміздің музыканты, жезтаңдай әншіміз Алханова Жаңыл Рахметоллақызы
2- жүргізуші: Мұхтар Әуезовтың әлемге әйгілі «Абай жолы» – тарихи романдар топтамасы - қазақтың тұңғыш роман-эпопеясы. Эпопеяның «Абай» атанған алғашқы екі кітабына КСРО Мемлекеттік сыйлығы, «Абай жолының» тұтас төрт томына Лениндік сыйлық берілді.
1-жүргізуші: «Абай жолы» арқылы қазіргі қазақ прозасы күллі дүниежүзі әдеби классиканың шырқау шыңына шықты. «Бұл да аз, - деді француз жазушысы Луи Арагон,- әлемнің басқа елдерінде де онымен тең түсетін шығарма табу қиын, бұл, менің ойымша, XX ғасырдағы ең үздік шығармалардың бірі».Бұл пікірге күллі әдебиеттанушылар, ақын- жазушылар, сыншылар қосылады.
2- жүргізуші: Олай болса біз сайысымыздың бүгінгі кезеңіне көшсек. М.Әуезовтың «Абай жолы» роман-эпопеясынан үзінді-көрініс» кезеңі бойынша сайыскерлерімізге берсек. Сайыскерлер жеребе қорытындысы бойынша өз кезегімен шыға береді.
1. Бастауыш кафедрасы. «Ақын қонақтар»
2. Орыс тілі кафедрасы «Абайдың оқудан қайтуы»
3. Жаратылыстану кафедарсы «Сал-серілер»
4. Дамыту кафедрасы «Еңлік –Кебек кесенесі. Құлыптас басында»
5. МИФ кафедрасы «Бас қосқанда»
6. Ағылшын тілі кафедрасы. «Абай ауылында қонақта»
7. Қазақ тілі, тарих, өзін-өзі тану кафедрасы «Қат-қабатта. Қатал үкім.»
1-жүргізуші:
Әсем әннен ғажап ләззат үн шығар,
Ойы сергек жан болса оны ұғынар,
Бар сезімді тебірентер ән мен күй
Қазақ үшін болған әркез бойтұмар,-дей келе сайыскерлеріміз екінші кезеңге дайын болғанша Абайдың бойға қан жүргізіп, тұла бойыңды шымырлатар тағы бір керемет әніне берсек.
Ән «Көзімнің қарасы».
Орындайтын лицейіміздің жезтаңдай әншісі Тұрғанбаева Назым Сейткешовна
2- жүргізуші: Міне сайысымыздың екі кезеңі де өз мәресіне жетті. Құрметті жыр сүйер қауым әділ қазы алқасы сайысымыздың қортындысын шығарғанша ән шашуымызды қабыл алыңыздар.
1.Тоқтарбай Саят «Ханшайым»
2. Мұқашев Мұхтар «Бағала»
1-жүргізуші:
Бойларыңда от бар екен байқадық,
Жүректерде шоқ бар екен байқадық.
Әрқашанда осы шоқты өшірмей,
Жалындатып шарықтаңдар әрдайым,-деген ізгі тілекпен сайыс жеңімпаздарын марапаттау үшін қорытынды сөз әділқазылар алқасына беріледі. Ортамызға зор қошеметпен сайыскерлерімізді шақырайық.
2-жүргізуші: Қазақ халқының ұлы ақыны, кемеңгер ұстазы, рухани айбары, туған елінің мың жылдық мұңын шерткен Абай мұрасы- мәңгілік мұра. Ол бүгінгі күні өзіміздің досымыздай, ғұлама сапарлас серігіміздей болып, сәулетті болашаққа қарай бізбен бірге аршындап адымдап келеді.
1-жүргізуші: Қадірлі көрермен! Міне осымен бүгінгі «Абай – дана, Абай – дара қазақта» атты әдістемелік кафедра мүшелері арасындағы шығармашылық байқаудың 1-кезеңі өз мәресіне жетті. Енді 2-кезеңге ертеңгі жоспар бойынша жиналатын боламыз. Кездескенше сау-саламат болыңыздар.

2-кезең. «Абай – дана, Абай – дара қазақта» атты
ғылыми-әдістемелік ізденіс және іс-тәжірибе алмасу кезеңі
Бұл кезең 4 бөлімнен тұрады:
1. ҒПК. «Ғылыми-практикалық конференция» бөліміне Бастауыш және Жаратылыстану әдістемелік кафедралары кемінде 2 мұғалімнен қатысуы шарт.
2. «Дебат» клубының жұмысы. «Дебат»клубының жұмысын «Дебат»клубының жетекшісі тарих пәні мұғалімі Қ.Бақытжанұлы және қазақ тілі, тарих, өзін-өзі тану, психолог мұғалімдер арасында өткізіледі.
3. Дискуссия. «Дисскуссия» бөлімі Ағылшын және МИФ кафедрасы мұғалімдері өткізеді.
4. Әңгімелесу алаңы. «Әңгімелесу алаңы» бөліміне Орыс тілі және Дамыту кафедралары өткізеді.
«Абай – дана, Абай – дара қазақта» атты ғылыми-әдістемелік ізденіс және іс-тәжірибе алмасу кезеңіне қойылатын талаптар:
-Әрбір қатысушы Абай шығармашылығымен байланысты тақырып таңдайды;
-Таңдалған тақырып ашылына басты назар аудару керек;
-Өткізілетін орын тақырыпқа сай безендірілуі керек;
-Аудио, видео материалдары қамтамасыз етілуі керек.
Қорытынды шығару: Бұл кезең сайыс түрінде өтпейді. Тек белсенді қатысушылар арнайы мадақтамалармен марапатталады.
1. «Ғылыми-практикалық конференция» бөлімі. Өтілетін орны № 210 кабинет.
Қатысушылар:
- Демчинов Кадрбек Қабдылмуликович, география пәні мұғалімі. Тақырыбы: «Абай шығармаларының географияны оқытудағы маңызы».
- Ағыбаева Бақыт Абузарқызы, бастауыш сынып мұғалімі. Тақырыбы: «Абай аудармалары және оның тілі».
- Карпаева Нұрсұлу Қабдрашовна, бастауыш сынып мұғалімі. Тақырыбы: «Абай қарасөздерінің тәрбиелік мәні».
- Жанибекова Гулназ Бакытован, бастауыш сынып мұғалімі. Тақырыбы: «Абайдың өмірі және философия әлемі».
2. «Дебат» клубының жұмысы. Өткізілетін орны № 100 кабинет. «Дебат»клубының жетекшісі тарих пәні мұғалімі Қ.Бақытжанұлы және қазақ тілі, тарих, өзін-өзі тану, психолог мұғалімдері.
Тақырыбы: «Абай әкесі Құнанбайдан аса туды ма?»
3. Дискуссия. Өткізілетін орны № 203 кабинет. «Дисскуссия» бөлімі Ағылшын және МИФ кафедрасы мұғалімдері.
Тақырыбы: «Жүректің көзі ашылса». Абайдың 17-қарасөзіндегі ой астары.
4. Әңгімелесу алаңы. Өткізілетін орны №205 кітапхана. «Әңгімелесу алаңы» бөліміне Орыс тілі және Дамыту кафедралары мұғалімдері мен А.С.Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасының кітапханашы-библиографтары Абылгазинова Гульбаршын Тлегенқызы, Жайлыбаева Мерерт Нұржановнамен сыр-сұхбат.
Тақырыбы: «Актуальность слов назидания Абая в современном обществе».
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив