«Менің Отаным-Қазақстан»тақырыбында бірыңғай тәрбие сағаты
«Оралхан Бөкей атындағы 44лицейі» КММ Міне, жазғы демалыс аяқталып, оқушылар үшін жаңа оқу жылы басталды. Оқушыларымыз үш ай көлемінде демалып, сергіп, жаңа күшпен, жаңа серпінмен алтын ұя лицейлеріне оралды. Лицейге келген оқушылар үшін 1-сабақта Жоспарға сай 5-«Г» сыныбында да аталмыш тақырыпта тәрбие сағаты өтті. Тәрбие сағатының мақсаты-әрбір оқушы өзінің Отанына адал болу, шексіз сүю, елінің салт-дәстүрін, тарихын, тілін, дінін құрметтеу. Тәрбие сағаты ең алдымен танысу сәтінен басталды.