ҰСТАЗЫМ МЕНІҢ, ҰСТАЗЫМ! Ырыс пен несібесі мол берекелі күз - ұстаз
ҰСТАЗЫМ МЕНІҢ, ҰСТАЗЫМ! Ырыс пен несібесі мол берекелі күз - ұстаз бен шәкіртті қауыштыратын ерекше мезгіл. Барлығымыз сағына күткен жез қоңырау үнімен басталатын жаңа оқу жылының қарбаласқа толы қыркүйек айы да артта қалды. Өзіндік салмағы мен орны бар, білімнің асқар шыңына жетелейтін ұстаздар қауымының мерекесі - қазан айының үлесіне тиген ұлы мереке. Мектеп қабырғасынан әлдеқашан алыстап кетсе де, әріп үйретіп, білім теңізіне жетелеген ұстаздары мен балалық шағының талай қызықты күндеріне