Материалы за Апрель 2023 года » Страница 5 » "Оралхан Бөкей атындағы № 44 лицейі"КММ
Коммунальное государственное учреждение
Лицей №44 имени Оралхана Бокея
"отдела образования по городу Усть-каменогорску "
управления образования восточно-казахстанской области
Қабылдау бөлімі:
+7(7232) 57-03-13
Бухгалтерия
+7(7232) 74-12-12
Версия для
слабовидящих
» Материалы за Апрель 2023 года » Страница 5
"Жас маман - жас жұлдыз" атты интеллектуалдық сайыс  өткізілді.
20
апрель
2023
"Жас маман - жас жұлдыз" атты интеллектуалдық сайыс өткізілді.
"отдела образования по городу Усть-каменогорску "КММ 18.04.2023 жылы жас мамандар онкүндігі аясында "Жас маман - жас жұлдыз" атты интеллектуалдық сайыс өткізілді. Сайыс мақсаты-жас ұстаздардың біліктілігі мен білімі арқылы өзінің кәсіби шеберлігін көрсете отырып, іс-тәжірибе жинау, ұстаздық мамандықтарын шыңдау. Сайыс өте қызықты өтті. Сайысқа қатысқан жас мамандарға мақтау қағазы мен сыйлықтар берілді. Шараны ұйымдастырушы жас мамандар: Е.Нуксиев, С.Рахметоллақызы.
Жас мамандар онкүндігінің аясында "ХХІ ғасыр көшбасшысы" интеллектуалдық сайысы өткізілді.
19
апрель
2023
Жас мамандар онкүндігінің аясында "ХХІ ғасыр көшбасшысы"
«О.Бөкей атындағы №44 лицейі» КММ 18.04.2023ж. «Жас маман – табысқа апарар жол» атты жас мамандар онкүндігінің аясында "ХХІ ғасыр көшбасшысы" интеллектуалдық сайысы өткізілді. Сайыстың мақсаты: оқушыларды білімді, жан - жақты болуға баулу, білуге, үйренуге деген қызығушылықтарын арттыру. Көшбасшылық қабілеттерін ояту. Аталған сайысқа 5-сынып оқушылары қатысты. Сайыс 4 кезеңді құрады. Әр кезеңде логикалық және пәндерге қатысты қызықты сұрақтар қойылды. Ұпай саны бойынша жоғары нәтиже көрсеткен
Киокушинкай каратэ кумитэ бойынша Өскемен қаласының турнирінде қатысып, Қасенов Әли 3 орын, Қасенов Назар 2 орынға иеленді!
19
апрель
2023
Киокушинкай каратэ кумитэ бойынша Өскемен қаласының турнирінде
Оралхан Бөкей атындагы №44 лицейі» КММ 7 Б сынып оқушысы Қасенов Әли және 5 В сынып оқушысы Қасенов Назар, жақында өткен М.Литвиновты еске алуға арналған Киокушинкай каратэ кумитэ бойынша Өскемен қаласының турнирінде қатысты. Қасенов Әли 3 орын, Қасенов Назар 2 орынға иеленді! Жарайсындар! Сынып жетекшілері: Мухажанова М.А., Орынбасарова А.Н.
2 «Г» сынып оқушысы Қайнархан Балжан "Шуақты" қазақ биін билеп жүлделі II орынды  жеңіп алды. Жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз.
19
апрель
2023
2 «Г» сынып оқушысы Қайнархан Балжан "Шуақты" қазақ биін билеп
"Оралхан Бөкей атындағы N44 лицейі" КММ Республикалық вокал және би байқауында "Жалында" ансамблімен "Шуақты" қазақ биін билеп, өнер көрсетіп жүлделі II орынды жеңіп алғаны үшін 2 «Г» сынып оқушысы Қайнархан Балжанды жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз. Алдағы уақытта да өнері үстем болып, бағындырар белесі көп болсын деп тілейміз! Сынып жетекшісі: Н.А.Даутбекова
Олимпиадаға 10-"М" сынып оқушысы Темірханова Дамиля қатысып, 50-ге жуық қатысушының арасынан жүлделі 2-орынды иеленіп қайтты.
18
апрель
2023
Олимпиадаға 10-"М" сынып оқушысы Темірханова Дамиля қатысып, 50-ге
"Оралхан Бөкей атындағы № 44 лицейі" КММ 2023 жылдың сәуір айында "Білім инновация" лицейінің 30 жылдық мерейтойына орай қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша облыстық "Жарқын болашақ" пән олимпиадасы өтті. Бұл олимпиадаға 10-"М" сынып оқушысы Темірханова Дамиля қатысып, 50-ге жуық қатысушының арасынан жүлделі 2-орынды иеленіп қайтты. Қазақ тілінің мәртебесін асқақтатып, лицейіміздің мерейін өсірген Дәмиляны жеңісімен құттықтай отырып, бұдан да биік белестерді бағындыра бер деп тілейміз. Пән
Олимпиада нәтижесінің қорытындысына сәйкес, 3-4 сынып оқушыларынан әр пән бойынша 1-орын алған оқушыға қалалық кезеңге жолдама берілді.
18
апрель
2023
Олимпиада нәтижесінің қорытындысына сәйкес, 3-4 сынып оқушыларынан әр
«Оралхан Бөкей атындағы №44 лицей» КММ 14.04.2023 жылы 2-4 сыныптар арасында лицейішілік пәндік олимпиадасы өткізілді. Олимпиада 7 пәнді қамтыды. Олимпиада мақсаты: оқушылардың функционалдық сауаттылық, логикалық танымдылық деңгейін анықтау Лицейішілік пән олимпиадасына барлығы 316 оқушы қатысты. Олимпиада нәтижесінің қорытындысына сәйкес, 3-4 сынып оқушыларынан әр пән бойынша 1-орын алған оқушыға қалалық кезеңге жолдама берілді.
9"В" сыныбында "Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ”тақырыбында тәрбие сағаты өтті.
18
апрель
2023
9"В" сыныбында "Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ”тақырыбында тәрбие
2023 жылы 13сәуір күні 9"В" сыныбында "Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ”тақырыбында тәрбие сағаты өтті. Тәрбие сағатының мақсаты: отбасында, қоғамда көрініс тауып жатқан әлімжеттік, зорлық-зомбылық туралы мәлімет беру, алдын алу. Сабақ барысында оқушыларға түрлі ақпараттар беріліп, пікірталас ұйымдастырылды. Оқушылар өз ойларымен бөлісіп, сабаққа белсенділікпен қатысты. Сынып жетекшісі: Жайлаубаева.Р.Г
2"А"сынып оқушылары "Малахит" атты интеллектуалды олимпиадаға қатысып жүлделі орындарға ие болды.
18
апрель
2023
2"А"сынып оқушылары "Малахит" атты интеллектуалды олимпиадаға қатысып
Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы "Оралхан Бөкей атындағы N44 лицейі" КММ "Білім - инемен құдық қазғандай" дегендей, білім алу жолында көп ізденісті қажет етеді. Болашаққа талпыну,бәсекеге қабілетті болу үшін оқушы жан - жақты болғаны абзал. 2"А"сынып оқушылары 3 тоқсанда әртүрлі байқауларға қатысты. Атап айтсақ ,"Малахит" атты интеллектуалды олимпиадаға қатысып жүлделі орын алған: Асқат Н,Қинаят А, Кайрат А, А, Раухатқызы Қ, Асетұлы А, Ауданбекова А сынды оқушыларымызды мақтан тұтамыз.
Үлкен үзіліс уақытында 7 - 11 сыныптар арасында  “Кубик-рубик” интелектуальды  сайысы өтті.
18
апрель
2023
Үлкен үзіліс уақытында 7 - 11 сыныптар арасында “Кубик-рубик”
“отдела образования по городу Усть-каменогорску ” КММ. Үлкен үзіліс уақытында 7 - 11 сыныптар арасында “Кубик-рубик” интелектуальды сайысы өтті. Мақсаты оқушылардың логикалық танымдық қабілетін дамытуға арналды. Сайыс география, физика пәндеріне байланысты қызықты логикалық сұрақтарға құрастырылды. Барлық оқушылар белсене қатысты. Пән мұгалімдері: Мусаханов.Б.О, Нұрбат. Р
Л.Қ Төлегеновамен “Бала бүгіні және ертеңі” тақырыбында  9-11 сынып қыздарына арналған кездесу өткізілді
18
апрель
2023
Л.Қ Төлегеновамен “Бала бүгіні және ертеңі” тақырыбында 9-11 сынып
“Оралхан Бөкей атындағы №44 лицей” КММ 2023 жыл сәуір айының 14-і күні лицейде Жоғары медициналық колледжінің арнайы пәндерінің оқытушысы, жалпы тәжірибе дәрігері Л.Қ Төлегеновамен “Бала бүгіні және ертеңі” тақырыбында 9-11 сынып қыздарына арналған кездесу өткізілді. Бұл кездесудің басты мақсаты: қазіргі қоғамдағы өзекті мәселе болып жүрген жасөспірімдер арасындағы ерте жүктіліктің алдын алу. Ләйлә Қайратқызы оқушы қыздарымызға ерте жүктіліктің денсаулыққа , болашаққа зияны, кері әсері туралы