Қуанышқызы Дана қазақ тілінен қатысып, жүлделі 1-орын, Құлатаева
“Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі» КММ Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің ұйымдастыруымен өткен «Ұшқыр ой, өткір тіл, дүниені танып біл!» атты қалалық пәндік олимпиадасына 2-«Б» сыныбынан Қуанышқызы Дана қазақ тілінен қатысып, жүлделі 1-орын алса, Құлатаева Аймира көркем еңбек пәнінен қатысып, жүлделі 2-орынды иеленді. Қыздарымызды шын жүректен құттықтаймыз! Білімнің ең биік шыңдарынан көріне беріңдер дейміз. Сынып жетекшісі:Далаева Назым Турсынкожакызы