Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
"Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7232) 57-03-13
Есепші бөлімі:
+7(7232) 74-12-12
Нашар көрушілер
нұсқасы
Футбол Чемпионатының А дивизионында жүлделі 1- орын алған команда мүшесі- Ислямханов Таир «Үздік шабуылшы» атағына ие болды.
24
апрель
2023
Футбол Чемпионатының А дивизионында жүлделі 1- орын алған команда
"Оралхан Бөкей атындағы №44 лицей" КММ Шығыс Қазақстан облысы бойынша 2011-2012 жылғы балалар арасындағы футбол Чемпионатының А дивизионында жүлделі 1- орын алған команда мүшесі- Ислямханов Таир «Үздік шабуылшы» атағына ие болды. Таирдың биік белестерден көріне беруіне тілектеспіз! Сынып жетекшісі: Ахауова Ж. А.
«Алтайдың аяулы жыршысына тағзым!» атты республикалық акцияцында Саят пен Аяужанға «Оралхан Бөкей атындағы ОКЖ» директоры  атынан Алғыс хат тапсырылды
21
апрель
2023
«Алтайдың аяулы жыршысына тағзым!» атты республикалық акцияцында Саят
"Оралхан Бөкей атындағы № 44 лицейі" КММ Қазақ әдебиетінің жарық жұлдызы Оралхан Бөкейдің 80 жылдық мерейтойы және «18 сәуір-Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау күніне» орай ұйымдастырылған «Алтайдың аяулы жыршысына тағзым!» атты республикалық акцияға қатысып, бұқараға тағылымы мол шара ұсынғаны үшін 8- «Б» сынып оқушылары Абдуалиев Саят пен Құмарбекова Аяужанға Өскемен қаласы әкімдігінің «Оралхан Бөкей атындағы ОКЖ» КММ директоры К.Акжигитованың атынан Алғыс хат тапсырылды.
Гимнастика бойынша Елғазы Дильназ республика бойынша жүлделі 1-орынды, ал облыстық сайыста 3-орынды қанжығасына байлады.
21
апрель
2023
Гимнастика бойынша Елғазы Дильназ республика бойынша жүлделі
"Оралхан Бөкей атындағы № 44 лицейі" КММ 2023 жылдың сәуір айында көркем гимнастика бойынша Астана қаласында республикалық және Өскемен қаласында облыстық жарыс болып өтті. Бұл жарысқа 4-"Б" сынып оқушысы Елғазы Дильназ қатысып, республика бойынша жүлделі 1-орынды, ал облыстық сайыста 3-орынды қанжығасына байлады. Сайыскерлердің ішінен оза шапқан Дильназды жеңісімен құттықтай отырып, бұдан да биік белестерді бағындыратын халықаралық сайыстардың жүлдегері бол деп тілейміз. Сынып жетекшісі: Д.М.
Рамазанова Аружан ҚР халықтарының бірлігі күніне арналған жеңіл атлетикадан ШҚО ашық чемпионатында қашықтықта жүгіруден 1-2 орындарға ие болды
21
апрель
2023
Рамазанова Аружан ҚР халықтарының бірлігі күніне арналған жеңіл
"Оралхан Бөкей атындағы №44 лицей" КММ 10-“Ж” сынып оқушысы Рамазанова Аружан Қазақстан Республикасы халықтарының бірлігі күніне арналған жасөспірімдер арасында жеңіл атлетикадан Шығыс Қазақстан облысының Ашық чемпионатында 4*200м қашықтықта жүлделі 1 орын 200м қашықтықта 2 орын 400м қашықтықта 2 орындарға ие болды. Аружанды жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз! Аружанға алдағы жарыстардан осындай толағай табыстар және де әр спортшының арманы олимпиада чемпионы болуыңды тілейміз! Сынып
Айдосұлы Әбілмансұр Абай және ШҚО біріккен мектеп оқушыларының аймақтық экологиялық-биологиялық ғылыми конференциясында жүлделі І орынды иеленді.
20
апрель
2023
Айдосұлы Әбілмансұр Абай және ШҚО біріккен мектеп оқушыларының
«Оралхан Бөкей атындағы №44 лицей» КММ Лицейдің 9-сынып оқушысы Айдосұлы Әбілмансұр Абай және Шығыс Қазақстан облысы біріккен мектеп оқушыларының аймақтық экологиялық-биологиялық ғылыми конференциясында жүлделі І орынды иеленді. Құттықтаймыз! Жетекшісі: Демчинов К.К
Киокушинкай каратэ кумитэ бойынша Өскемен қаласының турнирінде қатысып, Қасенов Әли 3 орын, Қасенов Назар 2 орынға иеленді!
19
апрель
2023
Киокушинкай каратэ кумитэ бойынша Өскемен қаласының турнирінде
Оралхан Бөкей атындагы №44 лицейі» КММ 7 Б сынып оқушысы Қасенов Әли және 5 В сынып оқушысы Қасенов Назар, жақында өткен М.Литвиновты еске алуға арналған Киокушинкай каратэ кумитэ бойынша Өскемен қаласының турнирінде қатысты. Қасенов Әли 3 орын, Қасенов Назар 2 орынға иеленді! Жарайсындар! Сынып жетекшілері: Мухажанова М.А., Орынбасарова А.Н.
2 «Г» сынып оқушысы Қайнархан Балжан "Шуақты" қазақ биін билеп жүлделі II орынды  жеңіп алды. Жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз.
19
апрель
2023
2 «Г» сынып оқушысы Қайнархан Балжан "Шуақты" қазақ биін билеп
"Оралхан Бөкей атындағы N44 лицейі" КММ Республикалық вокал және би байқауында "Жалында" ансамблімен "Шуақты" қазақ биін билеп, өнер көрсетіп жүлделі II орынды жеңіп алғаны үшін 2 «Г» сынып оқушысы Қайнархан Балжанды жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз. Алдағы уақытта да өнері үстем болып, бағындырар белесі көп болсын деп тілейміз! Сынып жетекшісі: Н.А.Даутбекова
Олимпиадаға 10-"М" сынып оқушысы Темірханова Дамиля қатысып, 50-ге жуық қатысушының арасынан жүлделі 2-орынды иеленіп қайтты.
18
апрель
2023
Олимпиадаға 10-"М" сынып оқушысы Темірханова Дамиля қатысып, 50-ге
"Оралхан Бөкей атындағы № 44 лицейі" КММ 2023 жылдың сәуір айында "Білім инновация" лицейінің 30 жылдық мерейтойына орай қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша облыстық "Жарқын болашақ" пән олимпиадасы өтті. Бұл олимпиадаға 10-"М" сынып оқушысы Темірханова Дамиля қатысып, 50-ге жуық қатысушының арасынан жүлделі 2-орынды иеленіп қайтты. Қазақ тілінің мәртебесін асқақтатып, лицейіміздің мерейін өсірген Дәмиляны жеңісімен құттықтай отырып, бұдан да биік белестерді бағындыра бер деп тілейміз. Пән
Олимпиада нәтижесінің қорытындысына сәйкес, 3-4 сынып оқушыларынан әр пән бойынша 1-орын алған оқушыға қалалық кезеңге жолдама берілді.
18
апрель
2023
Олимпиада нәтижесінің қорытындысына сәйкес, 3-4 сынып оқушыларынан әр
«Оралхан Бөкей атындағы №44 лицей» КММ 14.04.2023 жылы 2-4 сыныптар арасында лицейішілік пәндік олимпиадасы өткізілді. Олимпиада 7 пәнді қамтыды. Олимпиада мақсаты: оқушылардың функционалдық сауаттылық, логикалық танымдылық деңгейін анықтау Лицейішілік пән олимпиадасына барлығы 316 оқушы қатысты. Олимпиада нәтижесінің қорытындысына сәйкес, 3-4 сынып оқушыларынан әр пән бойынша 1-орын алған оқушыға қалалық кезеңге жолдама берілді.
2"А"сынып оқушылары "Малахит" атты интеллектуалды олимпиадаға қатысып жүлделі орындарға ие болды.
18
апрель
2023
2"А"сынып оқушылары "Малахит" атты интеллектуалды олимпиадаға қатысып
Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы "Оралхан Бөкей атындағы N44 лицейі" КММ "Білім - инемен құдық қазғандай" дегендей, білім алу жолында көп ізденісті қажет етеді. Болашаққа талпыну,бәсекеге қабілетті болу үшін оқушы жан - жақты болғаны абзал. 2"А"сынып оқушылары 3 тоқсанда әртүрлі байқауларға қатысты. Атап айтсақ ,"Малахит" атты интеллектуалды олимпиадаға қатысып жүлделі орын алған: Асқат Н,Қинаят А, Кайрат А, А, Раухатқызы Қ, Асетұлы А, Ауданбекова А сынды оқушыларымызды мақтан тұтамыз.