19
апрель
2021
«Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі» КММ "Ұлы дала қырандары"
Мектебіміздің талантты оқушыларымен таныстыруды жалғастырамыз. Бүгін сөз қозғалатын дарын иесі, Тұрсынхан Нұрали "Оралхан Бөкей атындағы N44 мектеп лицей" КММ 4 "в" сынып оқушысы. Нұрали "Шахмат- шыдамдылар ойыны" атты шахмат сайысында ІІ орынды иеленді. Облыстық «Малахит» конкурсында І орынды иеленсе, халықаралык "Премия нового формата 2020-2021 "Таланты Казахстана" сайысында І орынның биігін бағындырды. Халықаралық "Таңғы Шұғыла" фестиваль сайысында домбыра бөлімінен Гран-Приді жеңіп алды. Кішкентай сері жігіттің барлық жетістіктері Республикалық "Ұлы дала қырандары" энциклопедиясында жарияланған. Нұрали, саған тек сәттілік тілейміз!