Құқықтық сауаттылық – қоғам қауіпсіздігінің кепілі
«Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі» КММ 1 сәуір күні лицейімізде Солжағалау полиция бөлімі Криминалдық полиция бөлімшесінің аймақтық-аумақтық тобының аға жедел уәкілі, полиция майоры Укенов Данияр Алтаевич 5, 9, 10, 11-сынып оқушыларымен кездесу өткізді. Кездесуге директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Мухажанова М.А. да қатысып, оқушыларға құқықтық жауапкершілік, заң талаптары және тәртіп сақтаудың маңыздылығы жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Шара барысында құқықбұзушылықтың алдын