Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
"Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7232) 57-03-13
Есепші бөлімі:
+7(7232) 74-12-12
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Жылы сөз-жан жылытар"- деп ата-бабамыз айтып кеткендей, жылы сөздерді естігенде сіз қандай сезімде боласыз?
12
ноябрь
2023
"Жылы сөз-жан жылытар"- деп ата-бабамыз айтып кеткендей, жылы
“Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі” КММ "Жылы сөз-жан жылытар"- деп ата-бабамыз айтып кеткендей, жылы сөздерді естігенде сіз қандай сезімде боласыз? Суық ауа райында жанымызға жақын жылы сөздерді айтып, жанымызды жылыту және ІІ тоқсанның басталуымен құттықтау мақсатында 06 қараша күні "Жас Ұлан", "Мұрагер" ұйымдарының мүшелері оқушыларда қарсы алды. Көңіл-күйіміз әрқашан көтеріңкі болсын! 🤗🤗🥰🥰 Ұйымдастырған : Аға тәлімгер Бисаева Т.Қ.
07 қараша күні 7 “Б” сыныбында "Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында және жаңа тоқсанның алғашқы тәрбие сағаты  өткізілді
12
ноябрь
2023
07 қараша күні 7 “Б” сыныбында "Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында
«Оралхан Бөкей атындағы №44лицейі» КММ 07 қараша күні 7 “Б” сыныбында "Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында және жаңа тоқсанның алғашқы тәрбие сағаты өткізілді. "9- ай - 9-іс-шара" жобасы бойынша қараша айы- "Асық ату" айы болып бекітілген, осы мақсатта “Қазақ халқының ұлттық ойыны- асық ату" тақырыбы алынды. Мақсаты оқушылардың бойына ұлттық құндылықтарды дарыта отырып, ұлттық мүдделерімізді , соның ішінде қазақ халқының ұлттық ойындарын насихаттау және де ІІ тоқсанның басталуымен құттықтап,
07 қараша күні “Жас Ұлан”, “Мұрагер” ұйымдарының кезекті отырысы өтті
12
ноябрь
2023
07 қараша күні “Жас Ұлан”, “Мұрагер” ұйымдарының кезекті отырысы өтті
“Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі” КММ 07 қараша күні “Жас Ұлан”, “Мұрагер” ұйымдарының кезекті отырысы өтті. Жиналыстың мақсаты: 1 тоқсанның қорытындысы, қараша айының жоспары мен мақсат, міндеттерімен таныстыру. Жетекші: Аға тәлімгер Бисаева Т.Қ.
Елордамыз Астана қаласында 4 қараша күні республикалық “Мен жастарға сенемін” атты үздік оқушылар арасындағы форумы өтті.
12
ноябрь
2023
Елордамыз Астана қаласында 4 қараша күні республикалық “Мен жастарға
“Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі” КММ Елордамыз Астана қаласында 4 қараша күні республикалық “Мен жастарға сенемін” атты үздік оқушылар арасындағы форумы өтті. Форумды Қазақстан Республикасы «Bilim-Orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы ұйымдастырды. Ағылшын тіліндегі шығармасы үздік деп танылған лицейіміздің 9 “Б” сынып оқушысы Есембулова Аружан Азаматқызы бірінші дәрежелі диплом және арнайы төсбелгімен марапатталды. Аружанға алдағы алар асулары көп, білімі мол болсын деп
09.11.23 ж. күні 1 "Д" сыныбында өткен №2 жиналысы өтті
12
ноябрь
2023
09.11.23 ж. күні 1 "Д" сыныбында өткен №2 жиналысы өтті
"Оралхан Бөкей атындағы № 44 лицейі" КММ 09.11.23 ж. күні 1 "Д" сыныбында өткен №2 жиналыс "Мен күнмін" деп бір-біріне жақсы тілек айту арқылы психологиялық ахуал туғызумен басталды. Жиналыс басында "Мен оқушымын" атты ойын ойнап барып күн тәртібіндегі мәселелерге көштік. 1-сынып оқушыларының мектепке бейімделуі жайлы сөз қозғалып, ата-аналарға кеңес берілді. Оқушылардың оқу үлгерімі, себепсіз сабақ босату, санитарлық талаптардың орындалуы, сабақ және сабақтан тыс уақытта оқушы қауіпсіздігі
Бастауыш  және орта буын сынып оқушылармен “Көңілді қоңырау” өткізілді
12
ноябрь
2023
Бастауыш және орта буын сынып оқушылармен “Көңілді қоңырау” өткізілді
“Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі” КММ 10.11.2023 күні кезекші мұғалімдердің ұйымдастырумен, лицей психологы Ерімбекқызы Ж. мен аға тәлімгер Бисаева Т.Қ. оқушылармен ұйымдастырылған бастауыш және орта буын сынып оқушылармен “Көңілді қоңырау” өткізілді. Оқушылардың қоңырау кезіндегі уақыттарын тиімді пайдалану, бір-біріне деген сенімділік пен ұйымшылдықты аттыру мақсатында түрлі қызықты ойындар жүргізілді. Оқушылардың көңіл-күйлері жақсарып, сабаққа деген қызығушылықтары арта түсті.
Ата-аналарды педагогикалық қолдау бағдарламасы аясында 1 "Д" сыныбында "Отбасы - бақыт бесігі" атты ата-аналар оқуы өтті.
12
ноябрь
2023
Ата-аналарды педагогикалық қолдау бағдарламасы аясында 1 "Д"
"Оралхан Бөкей атындағы № 44 лицейі" КММ Ата-аналарды педагогикалық қолдау бағдарламасы аясында 1 "Д" сыныбында "Отбасы - бақыт бесігі" атты ата-аналар оқуы өтті. Бұл шараны сыныптың ата-аналары Закарьянова Айнур ханым мен Сагиева Ақмарал ханым өткізді. «Бірлесе көтерген жүк жеңіл» атты психологиялық тренинг, "Байланған бала" ойыны, сауалдарға жауап іздеу әдістері арқылы шара өте мәнді өтті. Жиналыс барысында ата-аналар отбасында жеке тұлға бойында рухани-мәдени құндылықтарды дамыту жайлы өз
9 - сынып оқушыларының қатысуымен «PROFI БОЛАМЫН» атты квест-ойын болып өтті.
12
ноябрь
2023
9 - сынып оқушыларының қатысуымен «PROFI БОЛАМЫН» атты квест-ойын
2023 жылдың ​10 қараша күні «Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы» КММ ұйымдастыруымен ШҚО Білім басқармасының Халық әртістері ағайынды Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан өнер училищесінде Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейінің 9 - сынып оқушыларының қатысуымен «PROFI БОЛАМЫН» атты квест-ойын болып өтті. ​Ойынның мақсаты өнер училищесінде шығармашылық мамандықтар туралы толық ақпарат беру. Шара басында өнер училищесінің директордың оқу-өндірістік ісі жөніндегі орынбасары
Шығыс Қазақстан университеті ұйымдастырған Шығыс Қазақстан облысы бойынша колледж студенттері мен 11 сынып оқушылары арасында IT фестивальі өтті.
12
ноябрь
2023
Шығыс Қазақстан университеті ұйымдастырған Шығыс Қазақстан облысы
10.11.2023 күні Компьютерлік үлгілеу және ақпараттық технологиялар кафедрасы С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті ұйымдастырған Шығыс Қазақстан облысы бойынша колледж студенттері мен 11 сынып оқушылары арасында IT фестивальі өтті. Бұл фестивальге біздің лицейіміздің 11М сынып оқушылары Қабылғазы Елнұр, Дүйсенбеков Ералы Киберқауіпсіздік бағыты бойынша “7-17 жас аралығындағы балалардың ғаламтордан алатын үрейлігін бағалау қосымшасын құру” атты жобасын ұсынып, жүлделі ІІ орын иеленді.