Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
"Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7232) 57-03-13
Есепші бөлімі:
+7(7232) 74-12-12
Нашар көрушілер
нұсқасы
5- сыныптар арасында  ата-аналар жиналысы өткізілді
28
сентябрь
2024
5- сыныптар арасында ата-аналар жиналысы өткізілді
"Оралхан Бөкей атындағы N44 лицейі" КММ Лицейімізде 25.09.2024ж . Жиналыста ата-аналар «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын іске асыру жоспары таныстырылды. Мұндағы мақсат: жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде тәрбиеленген адал азамат қалыптастыру. Сонымен қатар интернеттегі қауіпті ойындар, жол жүру ережелері, буллингтен қорғану сияқты мәселелер төңірегінде кеңестер берілді. Сынып жетекшілер: Калижарова З.Ж., Ахауова Ж.А., Шуленова К. Б., Балгабаева Г.М., Оралбекова С.О
"Бала қауіпсіздігі - болашақтың кепілі"
28
сентябрь
2024
"Бала қауіпсіздігі - болашақтың кепілі"
"Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі" КММ 26 қыркүйек күні 9-сыныптарда тақырыбында ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналыстың күн тәртібінде баланың қауіпсіздігі, "Біртұтас тәрбие" бағдарламасын іске асыру, Ата-аналарды қолдау орталығының жұмысы, лицейдің ішкі тәртіп ережелерінің сақталуы сияқты мәселелер қаралды. Жиналыс жаңашыл әдіс-тәсілдерді қолданыла отырып өткізіліп, "Ата-ана, оқушы, мұғалім" үштік одағы арасындағы тығыз байланыс орнату жолдары туралы айтылды. Сынып жетекшілер: Ежембаева
“Ұстаздар күні”
28
сентябрь
2024
“Ұстаздар күні”
“Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі” КММ мерекесі бойынша іс-шаралар жоспарының негізінде қазақ тілі және тарих кафедрасының мұғалімдері “Біз өз еңбегімізді балаларға арнаймыз!” атты құттықтау бейнеролигін түсірді. Лицейіміздің барша ардагер ұстаздарын, ардақты мұғалімдерді айтулы мерекемен құттықтаймыз! Ұлт тізгінін ұстар ұрпақ тәрбиелеу жолында қажымас қайрат, мол шығармашылық табыс тілейміз!
"Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға"
28
сентябрь
2024
"Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға"
"Оралхан Бөкей атындағы N44 лицейі" КММ Ұстаздар мерекесіне орай өтіп жатқан онкүндік аясында 4 "А" сынып оқушыларының ата - аналары ұстаздарға құттықтауларын арнады. , - дегендей аса құрметті ұстаздарды ыстық ықыласпен құттықтап, ризашылықтарын білдірді. Сондай-ақ: Үйретіп өмірде тағылым, Ұстаздық көңілмен сендіңіз. Ұқтырып тіршілік тәлімін,- деген өлең жолдарын арнады. Сынып жетекшісі:Халидуллина С.И
«Алты Алаштың басы қосылса, төрдегі орын мұғалімдікі»
27
сентябрь
2024
«Алты Алаштың басы қосылса, төрдегі орын мұғалімдікі»
27.09.2024 ж. «Оралхан Бөкей атындағы 44лицейі» КММ Баршаңызға белгілі 5 қазан Ұстаздар мерекесі де таяп қалды. деп ұлт жанашыры Мағжан Жұмабаев айтқандай, біз 5-«Г» сынып ата-аналары мен оқушылары балаларымызды білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беріп отырған «Оралхан Бөкей атындағы 44 лицейі» КММ-ның Ұстаздар қауымын айтулы мерекелерімен шын жүректен құттықтаймыз. Ұстаздарымызға мықты денсаулық, шығармашылык табыс, білімді де креативті шәкірттерінің көп болуына тілектеспіз. Ел болашағы
"Дерзай-твори"
27
сентябрь
2024
"Дерзай-твори"
"Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі" КММ Лицейіміздің 9 "Б" сынып оқушысы Рыспаева Айкерім халықаралық деңгейдегі атты сурет сайысынан 1-орын иегері атанды. Айкерім, жарайсың! Биік шыңдарды бағындырып, жетістіктерің көп болсын! Сынып жетекшісі: Имашбаев Самат Муратканович
“Ұстаздарға мың алғыс!”
26
сентябрь
2024
“Ұстаздарға мың алғыс!”
“Оралхан Бөкей атындағы N44 лицейі” КММ Ұстаздар мерекесіне орай лицейімізде өтіп жатқан атты онкүндік аясында назарларыңызға 10-сынып оқушыларының “Менің ұстазымның бір күні” атты жобасын ұсынамыз. Мұғалімнің мәртебесін, оның жұмысына деген қызығушылығы мен құрметін арттыру, балалар мен қоғам өміріндегі мұғалімнің рөлінің маңыздылығына назар аудару мақсатындағы бейнематериал баршаңызға жағымды көңіл-күй сыйлайды деп сенеміз. #birtutas_tarbie Сынып жетекшілері: Машаева Г.К. Бекжанатова Н.
"Бұрымды қыз"
26
сентябрь
2024
"Бұрымды қыз"
«Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі»КММ Мектебімізде өтіп жатқан сайысында 3 "Г" сынып оқушысы Қабдікәрім Айлин Рүстемқызы өз бағын сынауда. Айлин кішкентай кезінен қазақ қызына тән еркелік, инабат, тәрбиелікті бойына сіңіріп, әрқашан осы сияқты бастамаларды қуана қолдап, белсенділік танытады. "Өзімнен кейінгі сіңілдеріме үлгі болып, әдемілік, инабаттылықтың жолын көрсетсем" дейтін Айлинге тек сәттілік тілеп, қолдап қоялық. Сынып жетекшісі: Тоқтарбекова Г.Д
Оқу жылының алғашқы ата-аналар жиналысы
26
сентябрь
2024
Оқу жылының алғашқы ата-аналар жиналысы
«Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі» КММ күн тәртібімен танысудан басталды. Жаңа оқу жылының жоспары мен мақсаттары талқыланды. Жиналыста «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы жайлы толық ақпарат берілді. Жиналысты керемет «Балама үміт» атты тренингімен аяқтадық. Ата-аналар қағаз бетіне балаларына деген ізгі тілектері мен үміттерін жазып, ұшақ жасап, көкке ұшырды. Сынып жетекшісі: Дәулетханова Іңкәр Талғатқызы #біртұтас_тәрбие#
«Ұстаздарға мың алғыс!»
26
сентябрь
2024
«Ұстаздарға мың алғыс!»
"Оралхан Бөкей атындағы Nº44 лицейі" КММ Лицейімізде ұстаздар күніне орай өтіп жатқан «Ұстаздарға мың алғыс!» атты онкүндік аясында 4-«Г» сынып ата-аналары лицейіміздің ұстаздарын төл мерекелерімен құттықтауда. Құрметті ұстаздар!!! Сіздерді келе жатқан кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз. Қоғам мен адамзат алдындағы өлшеусіз еңбектеріңізді ескере отырып, сіздерге өскелең ұрпақ тәрбиелеудегі өрелі жұмыстар және мемлекеттің гүлденуі жолындағы абыройлы істеріңізге толымды табыстар