09
февраль
2026
2026 жылдың 29-30 қаңтарында Өскемен қаласында Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасының қолдауымен «WINTER SPORT-FEST» атауында 2012-2014 жылы туылған
2026 жылдың 29-30 қаңтарында Өскемен қаласында Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасының қолдауымен «WINTER SPORT-FEST» атауында 2012-2014 жылы туылған жасөспірімдер арасыда хоккей спортынан турнир өткізілді.
Турнирдің басты мақсаты:
1. Өскемен қаласында шайбалы хоккей спорт түрін насихаттау.
2. Салауатты өмір салтын ұстану.
3. Жасөспірімдерді спортқа баулу.
4. Турнирдің жеңіпаздарын анықтау.
5. Турнирдің мықты ойыншыларын анықтау, мадақтау.
Бұл турнирге қаламыздың әр мектептерінен құралған құрама командалар қатысты. Соның ішінде «Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейінен», №48 мектеп-қосымша білім беру орталығынан және №24 орта мектебінен оқушылар бірігіп «КШТ» құрама командасы атынан турнирге қатысып, өз бақтарын сынады. Біздің лицейімізден бұл турнирге 7«Б» сынып оқушысы Жұмағали Абылайхан және 5«А» сынып оқушысы Адеш Ильяс қатысты. Екі оқушымыз да бұл турнирде команданың бастапқы құрамында өз шеберліктерін көрсетіп, көрермендер көзайымына айналды және команданың жеңіске жетуіне үлкен үлестерін қосты.
Турнирдің нәтижесі бойынша «КШТ» құрама командасы жүлделі 3-орынға ие болды. Оқушыларымыз ұйымдастырушылар ұсынған арнайы сыйлықпен, медальдармен және екі жүз мың теңге ақшалай сыйлықпен марапатталды.
Дене шынықтыру пәні мұғалімі: С.А. Тоқтарбай