03
декабрь
2025
5-СЫНЫПТАР АРАСЫНДА "ҚЫЗЫҚ ЕКЕН" ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ САЙЫСЫ ӨТТІ 🏆 02.12.25 мектебіміздің Акт залында 5-сынып оқушыларының арасында сыныптан тыс ерекше іс
5-СЫНЫПТАР АРАСЫНДА "ҚЫЗЫҚ ЕКЕН" ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ САЙЫСЫ ӨТТІ 🏆
02.12.25 мектебіміздің Акт залында 5-сынып оқушыларының арасында сыныптан тыс ерекше іс-шара – "Қызық екен" атты интеллектуалды сайысы жоғары деңгейде өтті.
Сайыстың басты мақсаты – оқушылардың білімге деген құштарлығын арттыру, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту және ұжымдық жұмысқа деген дағдыларын қалыптастыру болды. Сайысқа қатысқан 5-сынып командалары әртүрлі пәндер мен өмірлік жағдайларға қатысты күрделі әрі қызықты сұрақтарға жауап беріп, өздерінің жан-жақты білімі мен жылдам ойлау қабілеттерін тамаша көрсетті.
Тартысты сайыс нәтижесінде, әділ қазылар алқасының шешімімен төмендегі командалар жеңімпаз атанды:
* I орын: 5”Б”
* II орын: 5”А”,5”В”,5”Г”
Жауапты мұғалімдер: Алмас М, Егенбердиева А