25
сентябрь
2025
23.09.2025 жылы ШҚО, Өскемен қаласы «Алтай» телеканалына біздің лицейіміздің информатика пәні мұғалімі, педагог-эксперт Мырзахметова Назерке Нұрланқыз
«Оралхан Бөкей атындағы №44 лицей» КММ
Назерке Нұрланқызы информатика сабағында қолданылатын заманауи цифрлық технологияларды, интерактивті платформаларды (онлайн-тесттер, оқу сайттары, симуляторлар), өз тәжірибесіндегі бұлттық сервистер мен онлайн-курстарды, информатика пәні бойынша оқушыларға ең көп қиындық туғызатын мәселелерді, оларды шешу үшін қандай технологиялар көмектесетінін, ІКТ бойынша топтық жұмыс дағдыларын дамыту үшін жобалық немесе тәжірибелік тапсырмаларды қалай тиімді қолдану керектігі туралы толық ақпарат беріп, өзінің іс-тәжірибесімен бөлісті. Назерке Нұрланқызы - жас болса да өз пәнінің нағыз маманы, информатика пәнінің жілігін шағып, майын ішкен білікті мұғалімдеріміздің бірі. Назерке Нұрланқызының еңбек жолына шығармашылық табыс тілей отыра, осындай ұстаздарымызды мақтан тұтатындығымызды айтқымыз келеді.
Лицей әкімшілігі