26
май
2025
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында лицейімізде ерекше мазмұнға ие, жүрекке жылы тиер тағылымды шара ұйымдастырылды.
«Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі» КММ
Баланың жан-жақты дамуы мен тәрбиелі тұлға болып қалыптасуында ата-ананың алатын орны ерекше. Осы орайда, лицейіміздің белсенді ата-аналарына бала тәрбиесіне қосқан сүбелі үлестері мен лицей өміріне белсенді араласқандары үшін алғыс білдіріліп, арнайы марапаттар табысталды.
Шара барысында оқушылар мен ата-аналар бірігіп дайындаған көркемөнер бағдарламасы, ән мен би сияқты түрлі жанрдағы өнер туындылары көрерменге ерекше көңіл күй сыйлады.
Бұл мерекелік жиын – балалардың бақытты өмір сүруі үшін үлкендердің жауапкершілігі мен қамқорлығын арттырып, отбасы мен лицей арасындағы берік байланыстың айғағы болды.