24
апрель
2025
Бүгін лицейімізде сынып жетекшілер онкүндігі аясында қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі Оралхан Бөкейдің "Бәрі де майдан" атты повесі желісімен сахналан
"Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі" КММ
Қойылым соғыс жылдарындағы ауыл өмірі, тылдағы аналар мен балалардың ауыр тағдыры, үміт пен қайсарлық жайлы әсерлі сахналар арқылы көрерменнің жүрегіне жол тапты. Кейіпкерлердің жан тебірентер монологтары мен шынайы актерлік шеберлігі залда отырған әр көрерменге ой салды.
Шығарма арқылы оқушылар:
- соғыстың тек майдан даласында ғана емес, әр отбасының жүрегінде жүргенін түсінді,
- туған жер, ана, бейбітшілік ұғымдарын терең сезінді,
- Отанға деген сүйіспеншілікті жүректеріне түйді.
Қойылымға атсалысқан оқушылар мен ұстаздарға алғыс білдіреміз!
Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған осындай рухани шаралар жас ұрпақты елжандылыққа, тарихты құрметтеуге тәрбиелейді.
9-сынып жетекшілер:
Ежембаева А.А
Серикбаева Г.Ж
Мамырханова М.М
Қалиолла Г